Спорт • 11 Сәуір, 2019

Футбол: Бүгін түнде Еуропа лигасын тамашалаймыз

831 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін түнде футболдан УЕФА Еуропа лигасының алғашқы ширек финалдық кездесулері өтеді. Бұл жарыста Испания мен Англиядан – екі және Португалия, Германия, Чехия, Италияның – бір-бір командадан бақ сынайды.

Футбол: Бүгін түнде Еуропа лигасын тамашалаймыз

Испанияның қос ұжымы – Вильярреал мен Валенсия өзара шеберлік байқасады. Алғашқы матч алғашқысының алаңында, яғни «Эстадио де ла Серамика» стадионында өтеді.

Португалияның «Бенфикасы» Германияның Франкфурт қаласынан келген «Айнтрахтпен» кездеседі. Лиссабондағы бәсеке де жанкүйерлер көңілінен шығады деген ойдамыз. 

Чехияның «Славиясы» Англияның «Челсиін» қабылдайды. Осы ойында ағылшындар фаворит саналғанымен, Прагада іргетасы қаланған команда өз алаңында оңайлықпен беріле қоймайтыны анық.  

Ал ширек финалдағы ең қызықты кездесу Лондондағы «Стамфорд Бридж» стадионында «Арсенал» мен «Наполи» арасында өтеді деп күтілуде. Олай деуге негіз, қос команданың да жеңіспен өрілген бай дәстүрі бар. Қазіргі кезде Англияның да, Италияның да айтулы командалары өте жақсы ойын өрнегін көрсетіп жүр.