Спорт • 11 Сәуір, 2019

Футзал: «Қайрат» пен Ресей құрамасы тең ойнады

968 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26-28 сәуір аралығында Алматыда футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының «Төрттік финалына» тыңғылықты даярлану мақсатында Алматының «Қайраты» Ресейге аттанып, сол елдің ұлттық құрамасымен жолдастық кездесу өткізді.

Футзал: «Қайрат» пен Ресей құрамасы тең ойнады

Мәскеуде өткен матч 2:2 есебімен тең аяқталды. «Қайраттың» сапынан Эдсон мен Дәурен Тұрсагұлов гол соқса, жергілікті ойыншылар арасынан Янар Асадов пен Андрей Афанасьев мергендік танытты. Егер Ресей құрамасының әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері (1996, 2006),  Еуропа біріншілігінде бір алтын (1999), бес күміс (1996, 2005, 2012, 2014, 2016) және үш қола (2001, 2007, 2018) медальді иеленгенін ескерсек, жерлестеріміздің бұл нәтижесін жақсы деп бағалаған жөн.

Алдағы күндері «Қайрат» Ресейдің суперлигасында өнер көрсететін Норильскінің «Норильский Никель» клубымен күш сынасады.

Ал сәуір айының соңында Алматыда өтетін УЕФА кубогының «Төрттік финалында» Алматының «Қайраты» Португалияның «Спортинг» және Испанияның «Барселона» мен «Интер Мовистар» клубтарымен шеберлік байқасады.