Аймақтар • 12 Сәуір, 2019

«Nur Otan» партиясы СҚОФ төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

760 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Nur Otan» партиясы СҚОФ төрағасының орынбасары Артур Молдағұловтың басқа қызметке ауысуына байланысты оның орнын Евгений Глотов басты.

«Nur Otan» партиясы  СҚОФ төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

Ұжымға жаңа басшыны облыс әкімі Құмар Ақсақалов таныстырып, бірқатар міндеттер жүктеді.

Евгений Глотов 1987 жылы туған. Лев Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетін тәмамдаған. Лондонда «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алған, құқық саласының магистрі.

Еңбек жолын  2006 жылы «Қазақстан жастар конгресі» лигасында менеджер болып бастаған. 2007-2014 жылдары «Болашаққа есірткісіз!» корпоративтік қорының атқарушы директоры, «Қазақстан ауыл  жастары одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы,  «СтилСофт-Астана» ЖШС-нің жетекшісі қызметтерін атқарған.  2016 жылдан осы кезге дейін Петропавл қаласы әкімінің орынбасары болған.

Солтүстік Қазақстан облысы