Руханият • 12 Сәуір, 2019

Сезімге сенім артады

923 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласында «Бала дауысы-2019» жо­басының шығар­ма­шы­лық тобы Ұлттық ән бай­қауының іріктеу ке­зеңін өткізді.

Сезімге сенім артады
«Сыр елі – жыр елінің» жүздеген өнерлі балақайлары ақтық сынға берілетін жалғыз жолдаманы сарапқа салды. Іріктеу кезеңі А.Тоқ­мағам­бетов атындағы Мәде­ниет үйінде өтті.

Халқымызда «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» деген қанатты сөз бар. Сон­дық­тан да балаларға алдын ала кастингтің ережелері мен форматы түсіндірілген болатын. Өнер жарысына түскен жас өнерпаздардың дауысын музыкалық продюсер Фарида Ниязова жат­тықтырып, ән мәнерлеріне сай шығарма таңдауына жәрдемдесті.

Кастинг шарты бойынша әр бала іріктеу кезінде қазақша, орысша сондай-ақ ағылшын тілінде және әлем­нің басқа тілдерінде өзі сүйіп орындайтын әндерін шыр­қады. Сайысқа ешкім же­ңілемін деп келмейді, же­­ңемін деген үмітпен ке­леді. Қазылар алқасына олар­дың ішінен анық дара­ланған әншіні табу керек. Ол 8 жасар Сезім Қаhарман болып шықты. Жас әнші өз қа­тар­ластарынан дауыс жә­не сахнада өзін ұстау жа­ғынан ерекшеленіп тұр­ды. Сондықтан да қазы­лар құра­мындағы респуб­лика­мызға белгілі әнші Серік Ибрагимов қаршадай бала­қан­ға жалғыз жолдаманы табыс етті.

Сезім Қаhарман енді қа­зан айының 25-27 жұлдызы ара­лығында өтетін өнер до­да­сының ақтық сынында Қы­зылорда облысының намысын қорғайтын болады.
8 және 12 жас ара­лығында 17 өреннің ара­сында өтетін «Ба­ла дауысы» байқауының кө­теріп отырған жүгі үлкен. Өйт­кені талантты балалар көп. Олар­ды бала кезінен байқап, үл­кен өнердің жолына түсуіне қам­қорлық жасау керек. Қазы­лар алқасының ұстанымы осы.
«Бала дауысы-2019» жо­ба­сы­ның шығармашылық тобы да Димаш Құдайберген сияқты ән­шінің ізбасар­ларын анықтауға жұмыс жасап жытыр.

Қызылорда облысы