Спорт • 12 Сәуір, 2019

Үздік былғары қолғап шеберлерінің арасында Головкин көш бастап тұр

901 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) әр салмақ дәрежесі бойынша өз ұйымының үздік былғары қолғап шеберлерінің жаңартылған рейтингін жариялады.

Үздік былғары қолғап шеберлерінің арасында Головкин көш бастап тұр

Қазақстанның өрендері арасында ең үздік нәтиже Геннадий Головкинге тиесілі. GGG орта салмақтағылар арасында әлемдік рейтингте көш бастап тұр. Дәл сол салмақта жұдырықтасатын Мейірім Нұрсұлтанов үш сатыға жоғарлап, қазіргі кезде 26 орынға табан тіреді. «Қазақ стилі» деген бүркеншік есімде иеленген Жәнібек Әлімханұлы 29 сатыға жайғасты. Естеріңізге сала кетейік, ертең таң ата ол АҚШ-та өзінің кезекті жекпе-жегін өткізеді. Егер сол айқаста жеңіске жетсе, үздік 20 боксшының қатарына қосылатыны анық.


Екінші орта салмақтағы Әли Ахмедов 18 орынды иеленуде. Жартылай ауыр салмақтағы Айдос Ербосынұлы 33 сатыға тұрақтады. Бірінші орта салмақтағы Садриддин Ахмедов 31 орынды еншілеуде. Ал жартылай орта салмақтағы Батыр Жүкенбаев 37 орыннан 18 орынға көтерілді.