Аймақтар • 12 Сәуір, 2019

13-15 сәуірге арналған ауа райы болжамы

905 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, апта бойғы жылы ауа райы бұзылады.

13-15 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Республикамыздың солтүстігінде бір аптаға жуық жауын-шашынсыз және жылы ауа райымен байланысты болған антициклон құлдырайды. Оның орнына Орал аймағынан суық арктикалық фронттардың келуімен, жауын-шашын, жаңбыр, жылбысқы қар, ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Демалыс күндері оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарда қысқа мерзімге жауын-шашынсыз, жылы ауа райы күтіледі. Бірақ дүйсенбі күні бұл аймақтарда да өткінші жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі.