Кездесуде автордың шығармашылық жолы туралы баяндалып, қайта басылып шыққан кітабы оқырманға таныстырылатын болады.
Бибігүл Иманғазина ойлы оқырманды өзінің ғажайып қолтаңбасымен баураған талант иесі. Он жеті жасында тағдырдың тәлкегіне түсіп мүгедек болып қалған ол, бар тауқыметті тарта жүріп, әдебиет әлемінен қол үзген жоқ. Жазушының «Тауқымет» атты күрделі романы көпшілікке жақсы таныс. «Оқырманы көп автор» дипломына ие болған бұл романның алғашқы томы 1995 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген болатын.
АЛМАТЫ