– Аталған акцияны біз өлкеміздің тарихымен байланысты кез келген оқиғаға арнаймыз. Биыл ол Қарағандының 85 жылдығына орайластырылған. Біздің қала ғарыш айлағы болғандықтан, біз ғарышкерлер күніне орай «ғарыш» тақырыбы бойынша жәдігерлерді қабылдау акциясын жарияладық, – дейді мұражай қызметкері Динара Сақымбай.
Жезқазған қаласының тұрғыны, кезінде қызмет бабы бойынша ғарышкерлерді қарсы алумен айналысқан Виктор Ловецкий мұражайға өте құнды жәдігер – Юрий Гагариннің ғарышқа ұшқан күні дауысы жазылған күйтабақты сыйға тартты.
Сондай-ақ, Виктор Иванович мұражайға тапсырған бірегей заттардың арасында ғарышкерлердің қолтаңбалары бар конверттер, өткен ғасырдың 80-жылдарындағы газеттер мен әуесқой фотосуреттер, ғарышкерлердің фотосуреттері бейнеленген ашық хаттар да бар.
Қарағанды облысы