Руханият • 13 Сәуір, 2019

Министр Дәурен Абаев журналист Бекболат Әдетовтың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты

1094 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев белгілі журналист, көрнекті қаламгер, Алматы облысы, Талғар ауданының құрметті азаматы Бекболат Әдетовтың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту телеграммасын жолдады.

Министр Дәурен Абаев журналист Бекболат Әдетовтың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты


«Қазақстанның Құрметті журналисі, белгілі қаламгер, «Егемен Қазақстан» газетінің ардагері Бекболат Әдетовтың дүниеден озуына байланысты қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын.


Бекболат ағамыз өз ісіне адал, мамандығына әбден машықтанған мықты тұлға еді. Ол кісі журналистика саласындағы талай буынды тәрбиелеген ұстаз да бола білді. Әрдайым ізденіс үстінде жүретін ағамыз, елдің көкейіндегі мәселелерді қозғап, оқырманның көңіліне қонатын мақалалар жазды. Сондай-ақ,  қаламгерлігін қатар алып жүріп, артына тамаша шығармалар мен кітаптар қалдырды.

Әріптестеріне, айналасындағы адамдарға ізеттілік пен зиялылықтың үлгісін көрсеткен, жаны жайсаң азаматтың елге сіңірген еңбегі мен жарқын бейнесі жүрегімізде сақталады. Топырағы торқа, жатқан жері жайлы болсын», делінген хабарламада.