30 жастағы жерлесіміз неміс былғары қолғап шебері Евгений Бухмюллермен күш сынасады. Бұл жігіт бізге бөтен емес. 38 жастағы Евгений Ақмола облысына қарасты Жаңғызқұдық аулынды туып-өскен. Кейіннен ата-анасымен бірге Германияға қоныс аударды. Кәсіпқой рингте ол 19 кездесу өткізіп, 15 рет жеңіске жетті. Өзінің соңғы жекпе-жегін Бухмюллер былтырңы жылы Қытайдың әйгілі боксшысы, Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Жанг Жилейге қарсы өткізіп, ұтылып қалды.
Жан Кособуцкий Қостанай облысы Арқалық қаласының тумасы. Әуесқой рингте 91 және +91 кило салмақ дәрежелерін бойынша жұдырықтасып, Қазақстанның үш дүркін чемпионы атанды. Екі рет ел біріншілігінде жүлдегерлер қатарына қосылды. 2013 жылы Қазанда алауы тұтанған Дүниежүзілік Универсиадада күміс медальді иеленді.
2017 жылдан бері Жан кәсіпқойлар арасында бақ сынауда. Сол аралықта жерлесіміз өзінің 9 кездесуінің барлығында жеңіске жетті. Сол бәсекелердің сегізі мерзімінен бұрын аяқталды.