Қазақстан • 13 Сәуір, 2019

24 сәуір күні «Ақ жол» партиясы құрылтай өткізеді

1150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ақ жол» партиясы құрылтай өтетін күнді белгіледі – бүгін бұл шешімді Қазақстанның Демократиялық партиясы Орталық Кеңесінің пленумы қабылдады.

24 сәуір күні «Ақ жол» партиясы құрылтай өткізеді

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «ақжолдықтар» Мемлекет басшысының мерзімінен бұрын президенттік сайлау жөніндегі бастамасын қолдаған болатын.

Жарғыға сәйкес, партияның сайлауға қатысуы және президенттік сайлауға үміткерлерді ұсыну туралы шешімді тек жоғарғы орган – съезд қабылдайды.

Осыған байланысты, Орталық кеңестің пленумы съездің өтетін күнін ағымдағы жылғы 24 сәуірге белгіледі. Сондай-ақ, делегаттар өкілдіктерінің нормасын бекітіп, ұйымдастыру мәселелері бойынша бірқатар қаулы қабылдады.

Пленумның жұмысы жалғасты. «Ақ жол» партиясының атынан президенттік сайлауға түсетін үміткерге қатысты ұсынымдарды талқылау жүріп жатыр.