Спорт • 13 Сәуір, 2019

Мәнерлеп сырғанау: АҚШ құрамасы озды

1166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапонияның Фукуока қаласында мәнерлеп сырғанаудан командалық әлем чемпионаты өтті. Бұл жарыста ерлер мен әйелдердің ең үздік ұлттық құрамалары ғана қатысты.

Мәнерлеп сырғанау: АҚШ құрамасы озды

Жекелеген есепте ерлер сайысында америкалық Нэтан Ченге тең келер ешкім табылмады. Әлемнің екі дүркін чемпионы еркін бағдарламада 199.49 ұпай жиды. АҚШ-тың тағы бір өкілі, әлем біріншілігінің қола жүлдегері Винсент Чжоу екінші орынды иеленді. Ол 198,50 ұпайды еншіледі. Үшінші орындағы жапониялық  Сома Уно 189,46 ұпайды қоржынға салды.

 

Командалық сайыста бас жүлдені АҚШ құрамасы олжаласа, күміс және қола медальді Жапония мен Ресей иемденді.

 

Әйелдердің жекелеген бәсекесінде ресейлік Елизавета Тоқтамышева топ жарды. Әлем және Еуропа чемпионы деген дардай атағы бар удмурд қызы 153,89 ұпайға қол жеткізді. Екінші және үшінші орындарды америкалық Брэди Теннелл (150,83 ұпай) мен жапониялық Каори Сакамото (146,70) иеленді.

 

Арулардың тартысы да дәл жоғарыдағыдай нәтижемен аяқталды. АҚШ-тың мәнерлеп сырғанаушылары алдарына жан салмаса, Жапония мен Ресей үздік үштіктің қатарынан көрінді.