14 Сәуір, 2019

Ертіс өзеніне екі бірқазан жіберілді

1463 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аталған музейдің фауна бөлімінің басшысы Зайнитдин Шамшиев құстар алғаш келгенде өте әлсіз болғанын, тіпті ауыздарын ашып, қолдарымен тамақтандырғанын айтады.

Ертіс өзеніне екі бірқазан жіберілді

Өткен жылдың желтоқсан айында облыстық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафт музей-қорығына екі жас бірқазанды тапсырыпты. Аталған музейдің фауна бөлімінің басшысы Зайнитдин Шамшиев құстар алғаш келгенде өте әлсіз болғанын, тіпті ауыздарын ашып, қолдарымен тамақтандырғанын айтады. «Құстарды қыс бойы хайуанаттар бағындағы арнайы аумақта бағып-қақтық. Осы уақыт аралығында олар кішкене өсіп, жетілді. 9 сәуірде екеуін Сол жағалау кешені аумағындағы өзенге жібердік. Екі бірқазан қазір өз еріктерімен балық аулай алғанымен, олар қорық аумағынан кеткенше өз бақылауымызда ұстаймыз», - дейді ол.

ӨСКЕМЕН