Спорт • 14 Сәуір, 2019

Шахмат: Ел чемпионатына кімдер қатысады?

1161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21 сәуірде Алматыда шахматтан Қазақстан чемпиионаты басталады. Жүлде қоры 5 миллион теңгені құрайтын жарыста кімдердің өнер көрсететіні белгілі болды.

Шахмат: Ел чемпионатына кімдер қатысады?

Соңғы жылдары республикалық және халықаралық аренада қол жеткізген табыстары мен рейтингтегі орындары бойынша ерлер арасынан 12 және әйеллдер арасынан 10 ойыншы іріктелініп алынды. Солар енді жарыс жолына шығады. Ерлер бәсекесінде Мұртас Қажығалиев, Әнуар Исмағамбетов, Денис Махнев, Петр Костенко, Арыстанбек Оразаев, Жандос Ағманов, Нұрлан Ыбыраев, Константин Казаков, Рамазан Жалмаханов, Қазыбек Нөгербек, Илья Моисеенко және Андрей Кван шеберлік байқасады. Әйелдер сайысында Гүлісхан Нақбаева, Мадина Дәулетбаева, Гүлмира Дәулетова, Әсел Серікбай, Елена Анкудинова, Альфия Насыбулина, Меруерт Камалиденова, Әмина Қайырбекова, Зейнеп Сұлтанбек және Аружан Шәукен өнер көрсетеді.


Осы жарыстың жеңімпаздары ақшалай сыйлықтан бөлек, биылғы жылғы Азия чемпионаты мен аймақтық турнирде Қазақстанның намысын қорғау мүмкіндігіне ие болады.