Қоғам • 15 Сәуір, 2019

Зағип жандарға көмекші құрал

1235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазалы ауданындағы №249 мектеп-лицейдің оқушысы Асылхан Қаныбаев бастаған оқушылар зағип жандарға арналған құрылғыны дайындап шығарды.

Зағип жандарға көмекші құрал

Қай кезеңде де жанарынан айырылған жандардың өз қиыншылығы бар. Естияр адамдардың жетелеуімен ғана діттіген жеріне жететін зағиптарға Қазалы оқушыларының қондырғысы жақсы көмекші бола алады.

Осы құрылғы арқылы олар алдында тұрған кедергілерді сезе алады. Ультра дыбысты дабыл орнатылған құрылғы алдағы қауіпті вибрация арқылы сездіреді.

Асылхан Қаныбаев құрылғының белгі беру жүйесін смартфонға орнатуға болатындығын айтады. Сол арқылы туысқандары көру мүмкіндігі шектеулі азаматтың қайда жүргенін бақылап отыруға мүмкіндігі бар.

Құрылғының әзіргі мүмкіндігі 20-30 сантиметр қашықтықтағы кедергіні анықтай алады. Өнертапқыш оқушылар оның мүмкіндігін бір метрге жеткізу үшін жұмыс істеп жатыр. Сол сияқты олар мүмкінділігі шектеулі адамдарға белбеу, күртеше, көзілдірік және аяқ киім сияқты жиынтық дүние жасалмақ. GPS қондырғысын орнату арқылы олардың қалыптағыдай өмір сүруіне жағдай туғызады.

Бір қуанышты жайт, Қазалы оқушыларының осы құрылғысы Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен халықаралық сайыста екінші орынға ие болған. Ал, оған ТМД-ы елдерінен 74 құрама өз жұмыстарын ұсынған еді.

Соңғы жаңалықтар

Көлікпен дәулет құраған

Қоғам • Бүгін, 10:40

Әлжанның алтын медалі

Таным • Бүгін, 10:20

Ақылды келіншек

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 10:00