«Қазір алма піс, аузыма түс» деп жата беретін заман емес. Қолы қимылдағанның аузы да қимылдайды. Тынбай еткен еңбек ешкімге тілміртпейді. Бұл ақиқатты күні кешеге дейін Үкіметке емексіп келген ауылдағы ағайын түсініп қалды.
Көктемнің әрі күні шаруаларға жұмысын жолға қоюына мүмкіндік беріп отыр. Шиелі ауданы, Талаптан ауылының тұрғыны Көбей Дәулетов 10 гектар жеріне 20 мың түп алма көшетін отырғызып алды. Оған тамшылатып суару әдісін пайдаланып отыр. Енді екі-үш жылда Дәулеттің дәулеті еселенеді.
Бұрын бұл ауылда жеміс, көкөніс шаруашылықтары болған. Алайда, оңтайсыз жекешелендіру жылдары нарық қыспағына шыдай алмағандықтан жұмыстарын тоқтатқан болатын. Енді оның орның Көбей Дәулетов сынды еңбекқор диқандар толтырып жатыр.