Кеңес жұмысын облыстық соттың төрағасы Қамбар Нұрышев ашып, күн тәртібіндегі негізгі мәселелермен таныстырды.
Мұнан соң қылмыстық, азаматтық, әкімшілік, істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру туралы алқа төрағалары Бақытжан Қалымбет пен Әділхади Шығамбаевтың есептері тыңдалды.
Отырыста баяндалған статистикаға сәйкес, 2019 жылдың 3 айында облыс соттарының өндірісіне 5 616 талап қою арызы, 239 іс түскен, өткен жылмен салыстырғанда 2 838 немесе 32,6 % азайған. Сонымен бірге, облыс соттарына барлығы 2 631 әкімшілік іс, 419 қылмыстық іс түскен.
Облыстық соттың апелляциялық сот алқаларына есепті кезеңде 620 азаматтық іс, 47 әкімшілік іс, 60 қылмыстық іс түскен.
Бұйрық арқылы іс қарау саны азайған, себебі сот бұйрығын қабылдау тәртібімен қаралатын арыздардың көп санаты нотариалдық жазба тәртібімен шешуге ауыстырылған. 2018 жылдың 3 айында 1 684 сот бұйрығы қабылданған болса, 2019 жылдың осы мерзімінде 574 сот бұйрығы қабылданған.
Есепті кезеңде «Виртуалды сот» пилоттық жобасымен 21 әкімшілік іс, «Түнгі сот» пилоттық жобасымен 52 әкімшілік іс қаралған.
Қызылорда облысы соттарында 2019 жылдың 3 айында медиация тәртібімен 105 қылмыстық және 601 азаматтық, 144 әкімшілік, партисипативтік рәсім тәртібімен 4 іс, татуласу келісімен 50 іс қысқарған.
2019 жылдың 3 айында облыс соттарындағы фронт-офиске барлығы 1424 адам, яғни адвокаттарға – 832, медиаторларға – 463, «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясына 129 азамат жүгінген. Осы уақытта медиаторлардың көмегіне жүгіну арқылы 300 іс сотқа дейін шешімін тапқан.
Кеңейтілген кеңес қорытындысы бойынша сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсарту, судьялар мен сот мамандарының кәсіби деңгейін арттыру, алдағы атқарылатын жұмыстар мен тапсырмалар айқындалды.