Комиссияның көмегі көп
Сейсенбі, 12 маусым 2012 7:19
Елімізде алғаш рет құқық қорғау органдарының сапасын жоғары деңгейде жақсартуға ерекше назар аударылды. Қазақ жерінің мамыражай, бейбіт өміріне дүние жүзінде көз тігіп отырғандар жетерлік. Сондықтан мұндай шешім бүкіл әлемде болып жатқан осындай түрлі дүрбелең оқиғаларды ескеріп, мемлекеттің тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуден туындаған маңызды шара болып табылады. Бұл шара, әрине, әрбір қазақстандықтардың тағдырына тікелей әсер ететіні анық. Өйткені, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің бірқатары өз шендерін жеке басының мүддесіне пайдалану арқылы заңсыз іс-әрекеттерге жол берсе де жазаға тартылмай құтылып кететіндері жоқ емес.

Құқық қорғау қызметі – мемлекеттің функцияларын іс жүзіне асырудың құқықтық түрі ретінде көрініс табады. Құқық қорғау органының қызметі кез келген мемлекет міндеттерінің негізгі бағыты болып есептелінеді. Соңғы жылдары елімізде терроризм, діни экстремизмге бой алдырған ұйымдасқан қылмыстар кең етек жаюда. Сонда бұл оқиғалар біздің құқық қорғау қызметкерлерінің кәсіби деңгейінің төмендігін және төтенше жағдайларға мүлдем дайын еместігін көрсетті. Арнайы кәсіби білімі, дайындығы жоқ адамдар құқық қорғау органдары саласында көптеп кездесіп жататыны анық. Сол себепті аттестаттау барысы арнайы білімі жоқ, қызмет деңгейі төмен, қызметтік құқықтары мен міндеттерінінен бейхабар жандардан арылтуға жол ашады.
Жалпы біздің қоғамымызда, ел арасында құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейі төмендегенін байқаймыз. Олай дейтін себебіміз, құқық қорғау органдары тарапынан қылмыстарды тіркемеу, қылмыстарды ашпау, жасыру, сонымен қатар соңғы жылдары сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар құқық қорғау қызметкерлері үстінен қылмыстық істердің қозғалуы көңілге кірбің түсіреді.
Бүгінгі таңда ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне деген еліктеушілік жастар арасында да белең алып отыр. Сондықтан мемлекетімізде аттестаттау өткізу арқылы қоғамдағы құқық қорғау қызметкерлерінің мәртебесін көтеруіміз қажет. Елдің әр азаматы өзінің құқықтары мен бостандықтары бұзылған жағдайда әділдікті тек құқық қорғау органдарынан іздеуі тиіс. Алайда, бүгінгі таңда жағдай бұлай болмай тұр. Аттестаттау заң талаптарына сәйкес өте жоғары деңгейде өткізілсе абзал болар еді. Мәселен, Америка Құрама Штаттарында құқық қорғау қызметкерлеріне деген қарапайым азаматтардың сенімі жоғары. Өйткені, олардың қызметтік кәсіби біліктілігі мен сауаттылығы биік деңгейде тұр. Бұл мәселе – сол мемлекетте бірден қалыптасқан құбылыс емес. Мұндай жетістікке олар бірнеше жылдың ішінде көптеген өзгерістердің арқасында қол жеткізді.
Құқық қорғау қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттауды өткізетін комиссия мүшелері Төле би бабамыз айтқан: «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ!» деген қағидатты басшылыққа алулары негізінде атқарылуы тиіс. Себебі, комиссия мүшелерінен қоғам үлкен үміт күтеді. Артымызда өсіп келе жатқан өскелең ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін еліміздің құқық қорғау органдарын күшейту керек.
Әбдіқахар СЕЙІТЖАНОВ,
заң ғылымдарының кандидаты.
АЛМАТЫ.