Экономика • 15 Сәуір, 2019

Қазақстан делегациясы Дүниежүзілік Банк пен ХВҚ басқарушылары кеңесінің көктемгі кеңестеріне қатысты

915 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Вашингтон қаласында Дүниежүзілік банк пен Халықаралық Валюта қоры тобының басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы көктемгі кездесулері өтті. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан делегациясы Дүниежүзілік Банк пен ХВҚ басқарушылары кеңесінің көктемгі кеңестеріне қатысты

Қазақстанның атынан Ұлттық экономика вице-министрі Мәдина Жүнісбекова мен Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев қатысты.

Кездесулердің негізгі мақсаты - Дүниежүзілік банк пен Халықаралық Валюта Қоры тобының ынтымақтастығын одан әрі нығайту.

Талқылау аясында кедейлікті қысқарту, халықаралық экономиканың дамуы мен қаржылық қызмет, әлемдік экономикадағы қатер мәселелеріне айрықша назар аударылды.

Кеңестерге 10 000 адам қатысты. Оның 3500-і Банк пен ХВҚ-ға мүше мемлекеттерден келген делегация, шақырылғандардың 5000-ға жуығы, негізінен, жеке сектор, банктік қоғамдастық пен ҮЕҰ өкілі.

Қатысушылар бұл кездесулердің халықаралық ынтымақтастық форумы ретінде Банк пен Қордың мемлекеттерге барынша сапалы қызмет көрсету мүмкіндігін беретінін атап өтті.