Басты назарда – қауіпсіздік
Сейсенбі, 12 маусым 2012 7:21
ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінің бастығы полиция полковнигі Жанат СҮЛЕЙМЕНОВПЕН әңгіме
– Жанат Қуанышұлы,Мемлекет басшысыНұрсұлтан НазарбаевҚазақстанның құқыққорғау жүйесінреформалау мәселелерінеарналған кеңесте ішкіістер органдарын, оныңішінде көліктегі ішкі істероргандары жүйесін оңтайландыру, қызмет беделін көтеру жөнінденақты тапсырма бергені белгілі. Осы тұрғыда қандай жұмыстаратқарылды?
Сейсенбі, 12 маусым 2012 7:21
ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінің бастығы полиция полковнигі Жанат СҮЛЕЙМЕНОВПЕН әңгіме
– Жанат Қуанышұлы,Мемлекет басшысыНұрсұлтан НазарбаевҚазақстанның құқыққорғау жүйесінреформалау мәселелерінеарналған кеңесте ішкіістер органдарын, оныңішінде көліктегі ішкі істероргандары жүйесін оңтайландыру, қызмет беделін көтеру жөнінденақты тапсырма бергені белгілі. Осы тұрғыда қандай жұмыстаратқарылды?
– Қазақстандық құқық қорғау жүйесінің одан әрі дамуының негізгі көреткіші – ол әрбір полиция қызметкерінің атқарған жұмысының статистикалық деректермен емес, қоғамның көзқарасымен бағалануында. Елбасы тапсырмаларын орындауда Көліктегі ішкі істер департаментінде де жоспарлы әрі ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бұрынғы Көліктегі Батыс, Оңтүстік-Шығыс және Орталық ІІД Көліктегі ішкі істер департаменті болып қайта құрылғалы бірталай шаралар қолға алынды. Департамент қызметкерлерінің басты міндеттері темір жол вокзалдары мен әуежайлардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және ескерту іс-шараларын жүзеге асыру, қызмет көрсету аумағында қоғамдық бірлестіктер ұйымдастырған литерлік іс-шараларды өткізу, жолаушылар пойыздарын шығарып салу, сондай-ақ шет мемлекеттер басшыларының, шетелдік басқа да саяси және мемлекет қайраткерлерінің Қазақстанға сапары кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
Тәуелсіз еліміз полициясына 20 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында көлік полициясының дамуы мен қалыптасуы бірнеше кезеңдерден өтті. Отанымыздың тыныштығын сақтауда қыруар жұмыстар атқарылды. Оның ішінде Көліктегі ішкі істер департаментінің де қосқан үлесі бар. Білікті, тәжірибелі қызметкерлерден құралған департамент ұжымы өз қызметтерін адал атқаруда.
– Көліктегі ішкі істер департаментінде кадрларды жасақтау, жас қызметкерлерімен жұмыс қандай деңгейде?
– Биыл департаментке ішкі істер оқу орындарын бітірген 20 жас маман келмек. Мәселен, 2011 жылы 82 жас қызметкер келіп, олардың әрқайсысына тәжірибелі қызметкерлер тарапынан тәлімгер тағайындалды. Сонымен қатар, ардагерлер тобынан тәлімгерлер резерві құрылды. Жас мамандармен, жеке құраммен тәрбие жұмысын ұйымдастыру, кадрлық қамтамасыз ету, тәртіпті және заңдылықты сақтау бағытында департамент бұйрығымен құрылған қоғамдық бірлестіктер, офицерлер, полицейлер жиналысы, тәлімгерлер кеңесі мен әйелдер кеңесі оң ықпалын тигізуде.
Жас мамандарға қатысты айта кетер бір жәйт, қазіргі күні елімізде көліктегі ішкі істер органдары үшін мамандар дайындайтын білім ордасының жоқтығы. Кеңес өкіметі кезеңінде Ресейдің Могилев қаласында арнайы мектеп болды. Онда көліктегі полицейлерді даярлайтын жақсы база қалыптасқан еді. Көлік саласындағы жұмыс аумақтық ішкі істер, жол полициясы сынды салалардан өзгеше. Мұндағы орын алып қалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың да төркіні бөлек. Осы үшін көлік полицейлерін дайындайтын арнайы мектеп керек-ақ.
– Көліктегі ішкі істер департаментінде қандай жаңашылдықтар орын алды? Жолаушылар көліктеріндегі полицейлер мен халықтың қарым-қатынасы туралы не айтар едіңіз?
– Өткен 2011 жылы көліктегі полицейлерге арналып жаңа киім үлгісі енгізілді. Жолаушылар пойыздарында жолаушылармен ынтымақтастық арта түсті. Осы сөзімізге дәлел ретінде жолаушы пойыздарында өткізілген «Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықсыз 16 күн», «Қауіпсіз балалық шақ», «Қоғамдық қабылдаулар» сынды шараларды атай аламыз. Олардың өткізілуі барысында көліктегі полицейлер жолаушылармен жеке-жеке әңгімелесіп, олардың жағдайларын біліп, проблемаларына құлақ асты.
Ал жаңашылдықтарға келер болсақ, көлік полицейлері тағы да бір жаңа технологияны қолданысқа енгізбек. Құқық қорғау органдарындағы электронды көмекшілер бүгінгі таңда көлік қозғалысын жіті бақылауға және жол бойында құқық бұзушыларды ұстауға, жалпы іс-шараларды жүзеге асыруға, сонымен қатар бұзақылар мен ұрыларды іздестіруде көп көмегі тиері хақ. Біз жаңа технологияны алғашқылардың бірі болып пайдалана бастамақпыз.
– Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында атап өтілгендей, 2012 жылдың 1 шілдесіне дейін республиканың құқық қорғау және арнайы қызметтері қайта аттестаттаудан өткізілмек. Осы жөнінде айтып берсеңіз.
– Елбасының құқық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестаттау туралы шешімі қолдауға тұрарлық. Бұл шара құқық қорғау органдарының қатарын сапалы кадрлық жаңартуға, осы арқылы полицияға кездейсоқ келген адамдарды анықтауға мол мүмкіндік бермек. Бұл өз кезегінде полиция жұмысы сапасының артып, қылмыстарға қарсы күресте белгілі бір нәтижелерге қол жеткізе алатынымызға кепілдік болмақ. Құқық қорғау органдарын кезектен тыс аттестаттаудан өткізуді жүзеге асыру үшін ІІМ Көліктегі ішкі істер департаменті қызу дайындық шараларын жүзеге асыруда. Кесте бойынша департамент басшылығы аттестаттаудан Ішкі істер министрлігінде, ал жеке құрам тікелей өзі қызмет атқаратын мекемеде өтеді. Жергілікті жерлердегі басқармалар мен дербес бөлімдердің жеке құрамын департамент қызметкерлерінен құралған арнайы топ тексереді.
– Ашылған ірі қылмыстар туралы не айтар едіңіз?
– Ондай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Жуырда Астанада телефон лаңкестігіне қатысты қылмыс ашылды. Түнгі сағат 12-де шырылдаған телефон қоңырауы Астана халықаралық әуежайын дүр сілкіндірді. «SIP» залының қызметтік телефонына бейтаныс еркек қоңырау шалып, «Жанна» есімді қызды телефонға шақыруды өтінді. Телефонға жауап берген тексеріп өткізу қызметінің инспекторы «Жанна жоқ» деп жауап бергенде, бейтаныс адам таңертең ұшатын Алматының рейсіне жолаушыны ресімдеп, орын алу үшін телефон шалғанын айтқан. Содан кейін сол рейспен қызыл көйлек киген, Мэрилин Монроға ұқсас қыз бала «шахид белдігімен», яғни «қолдан жасалған жарылғыш құрылғымен» лаңкестік жасау мақсатында Алматыға ұшатынын хабарлап, оны рейске жібермеу керектігін айтты.
Сол мезеттен бастап Астана қаласы әуежайындағы ЖПБ, Астана қаласының ҰҚК, Астана қаласы ІІД Экстремизмге қарсы күрес басқармасы, Көліктегі ІІД Экстремизмге қарсы күрес басқармасы, Кинологиялық қызметтердің жеке құрамдары дабыл бойынша көтерілді. Ақпарат ЖПБ қызметкерлері тарапынан мұқият тексерілді. Әуежайдағы жолаушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткізу тәртібі мен жүк тексерісі күшейтілді. Әуежай аумағы мен ғимараты бақылауға алынды. Астана әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында Астана қаласының 30 жастағы тұрғыны Д. деген азамат құрықталды. Ол Астананың бір мейрамханаларында таныстарымен көңіл көтеріп отырады. Әңгіме арасында отырғандардың бірі өзінің таңертең сағат 7-де Алматыға ұшатынын айтады. Ішімдікке қызған Д. сен ешқайда ұшпайсың, менің әуежайда таныстарым бар, деп өз ұялы телефонынан әуежайдың «SIP» залының қызметтік телефонына қоңырау шалады. Таныс адамын сұрап, ол жұмыста болмаған соң, лаңкестік актісі туралы жалған хабар айтқан. Ұсталған күдікті өз кінәсін мойындамаған. Бірақ қылмыстық істің деректері бойынша кінәсі дәлелденіп, ҚК 242-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
– Көліктегі ішкі істер департаментінде Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы жұмыс істейді. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуді ұйымдастыру мақсатында басқарма елеулі жұмыстар да атқаруда. Осы істе әлі де болса шешім таппаған қандай түйіндер бар?
– Өзін елінің патриоты санайтын әр қазақстандық мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін жетік білуі керек. Әсіресе, Қазақстанда жүріп, ел азаматтарын қорғауға ант берген құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне мемлекеттік тілді білмеу үлкен сын. Қызметкерлердің мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау мақсатында Көліктегі ішкі істер департаментінде мемлекеттік тілді оқып-үйрену бойынша жартыжылдық оқу кестесі белгіленген. Жуырда 2012 жылдың 1 ақпанынан бері оқу жылының екінші жарты жылында өткен сабақ қорытындысы шығарылды. ІІЖБ қызметкерлерін қосқанда, барлығы 1722 қызметкер мемлекеттік тілді жетік меңгеріп шықты.
Қандай салада болмасын кез келген мәселенің бірінші басшының ықпалымен шешілетіні жасырын емес. Сондықтан қазақ тілі туралы сөз қозғағанда қазақ тілінің тағдырын шешетін жерлерге басқа ұлт өкілдері болса да қазақ тіліне жаны ашитын адамдарды тағайындау керектігін үнемі есте ұстау қажет.
Әңгімелескен
Даниел ШАЙЫНҒАЗИН,
ІІМ Көліктегі ІІД баспасөз қызметінің инспект