Аймақтар • 15 Сәуір, 2019

Ән әуелеген Әулиеата

1191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» мерекесіне арналған «Бақытты етем» атты шоу-концерті өтті.

Ән әуелеген Әулиеата

Ұлттық ғашықтар күні елімізде 1999 жылдан бастап жыл сайын 15 сәуір күні кеңінен тойланып келеді. мерекенің мақсаты да қазақ жастарын 14 ақпан күні өтетін әулие Валентин күнінен алыстатып, олардың санасына өзіміздің Ұлттық ғашықтар күні бар екенін сіңіру. Шынайы махаббат символдары – Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу, Еңлік пен Кебек, Төлеген мен Қыз Жібек сынды ұлтымыздың нағыз махаббат қаһармандарын жастар арасында кеңінен насихаттау және солар арқылы жастардың назарын ұлттық құндылықтарымызға, асыл жауһарларымыз, салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызға аудару. Бұл күні Жамбыл жастары көптеп жиналып, жылы бір кештің куәсі болды.

 Көне шаһарда өткен өнер кешінде «Ақкербез», «Айша Бибі» би ансамбльдері, «Сымбат» балдық би тобы, «Балауса» циркі, «Дауыс» тобы, «JambylStar» дуэті, «Кәусар» вокалдық ансамблі және филармония әншілері Әлішер Балтаев, Әскер-Жанна дуэті, Динара Диханбаева, Дәулет Махан, Құрмаш Қуанышбаев, Қаракөз Сағынтай, Қайсар Көкішов, Жазира Сметова, Дулат Жасұзақов, Талант Құрымбаевтар өнер көрсетіп, Тараз топырағын әнге бөледі. Сонымен қатар, ғашық жүректерге шуақ сыйлайтын мерейлі мерекеге арналған концерт айтулы күн аясында жастардың бойын іңкәр сезімге толтырып, әнсүйер әулиеаталықтарды керемет күйге бөледі.