Фото: emcrk.kz
Анықталғандай, жергілікті тұрғын арнайы қызметке көп көлемде дәрі-дәрмек қабылдағанын айтып қоңырау шалған. Алайда жедел жәрдем бригадасы шақыртуға барғанда, ер адам мұның «пранк» екенін айтқан. Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясының баспасөз қызметі бұл фактіні растады.
«Шақырту жалған қоңырау есебінде тіркеліп, Ақтау қаласының тұрғынына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 438-бабы бойынша арнаулы қызметтерді көрінеу жалған шақырту бойынша 80 000 теңге көлемінде айыппұл салынды», делінген хабарламада.