Кеңестің кезекті отырысы
Сенбі, 16 маусым 2012 7:09
Кеше Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Т.С.Донақовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыста Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының республиканың кейбір аудандық және оған теңестірілген соттары судьяларының штат санын оңтайландыру жөніндегі ұсыныстары, сонымен бірге, сот жүйесіндегі кадрлық мәселелер қарастырылды.
Отырыс қорытындысы бойынша Жоғары Сот Кеңесінің тиісті шешімдері қабылданды және ұсынымдары берілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің
Мемлекеттік-құқық бөлімі.