16 Сәуір, 2019

ШҚО Аягөз ауданына жаңа әкім тағайындалды

2882 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше облыс әкімі Даниал Ахметов Аягөз ауданының жаңа әкімін аудан активіне таныстырды.

ШҚО Аягөз ауданына жаңа әкім тағайындалды

Кеше облыс әкімі Даниал Ахметов Аягөз ауданының жаңа әкімін аудан активіне таныстырды. Бұл қызметке бұған дейін Тарбағатай ауданы әкімі болған Ділдәбек Тәжібайұлы Оразбаев тағайындалды. «Ділдәбек Тәжібайұлы баршаңызға жақсы таныс. Бұған дейін ол Тарбағатай ауданының әкімі болған. Бүгіннен бастап Аягөз ауданын басқарады. Қойылған әр міндеттің тек нақты нәтижесін көрсететін білікті маман. Мен берген алғашқы тапсырма – қаланың орталық қазандығына күрделі жөндеу жүргізу. Облыстық бюджеттен бұл мақсатта 250 млн.теңге бөлінді. Осы аптада оны коммуналдық меншікке өткізу жұмыстарын аяқтаймыз» деп жазды аймақ басшысы өзінің фейсбуктегі парақшасында.


Оразбаев Ділдәбек Тәжібайұлы - 1961 жылы 8 мамырда дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. Ауыл шаруашылығы институтын ғалым агроном және Алматы экономикалық университетін қаржы мамандықтары бойынша бітірген, экономика ғылымдарының кандидаты, «Құрмет» орденінің иегері.

Еңбек жолын колхозда механизатор болып бастады. Әр жылдарда колхозда бас агроном, колхоз бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы бойынша салық комитетінде түрлі қызметтер атқарды. Бизнес саласында басшылық қызметте болды. Оңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бастығының орынбасары, департамент директорының орынбасары, басқарма бастығы болып еңбек етті.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің "Шығыссушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры қызметін атқарды.

 Шығыс Қазақстан облысы