Қазақстан • 17 Сәуір, 2019

Жануарлар әлемі жіті қорғалып отыр ма?

1997 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Табиғаттың төл бай­лығы саналатын жануарлар әлемін қорғау­дың маңы­зы зор. Шы­ны керек, соң­­ғы кезде еліміздің ор­ман­ды­ жерлеріндегі жа­нуар­ларды заңсыз аулау кө­бейіп барады. Алай­да, мем­лекет тарапынан мұн­дай әрекет­тер­ге тиі­­сінше тосқауыл да қойы­­лып отыр.

Жануарлар әлемі  жіті қорғалып отыр ма?

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнер­кәсіп­­тік революция жағда­йындағы даму­дың жаңа мүм­кіндіктері» атты Жолдауында «ХХІ ғасырда әлемнің та­биғи ресурстарға деген мұқ­­­таж­дығы жалғасуда. Олар болашақта жаһандық эко­но­­­­миканы және еліміздің экономикасын дамыту барысында ерекше маңызға ие болады», деп баса айтқан болатын. Бұл ба­ғыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында өткен жылы Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің бас­тамасымен жануарлар дү­­­­­­­­­ние­сiн, табиғатын сақтау және көбейту туралы декла­ра­ция қабылданған еді. Мұнд­а «Қызыл кітапқа» енген өсім­дік­терді, оның тамырларын,­ гүлдерді пайдаланбау­ды­ және тыйым салынған жерлер­де немесе әуесқойлық мақ­сатта аң-құс аулауға болмай­тыны жө­нінде айтылған. Аталған декларация жергілікті ат­қа­рушы билік, облыстық сот, прокуратура, полиция де­­­­­­пар­­­­таменті және ұлттық қауіп­­сіздік органдары мен бас­қа да мемлекеттік мекемелер та­рапынан қолдау тауып,­ бар­­лығы 1962 қызметкер қол қойған екен. Осы орайда Қа­зақстан Республикасының «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» заңының 43-ба­бы аясында облыстық «Ма­­ман­­дандырылған жануарлар дүниесін қорғау жедел қыз­­­меті» құрылып, «Табиғат қор­­ғау кеңесі» іске кіріскен еді.

Өңірдегі осындай құры­лым­дар мен жобалардың нә­ти­жесінде бүгінде аймақ­­­тың жан-жануарлар мен өсім­­діктер дүниесі қырағы қор­­­ғалып отыр деуге болады. Ағымдағы жыл­дың қаң­­тар-наурыз айларында табиғат заңнамасын қор­ғау­­ үшін 7 рейдтік ша­ра­ ұйым­дастырылып, 21 заң­ бұзушылық фактісі анықтал­ған. Нәтижесінде 21 дерек бойынша 542 875 теңге айып­пұл салынып, оның 37 875 теңгесі өн­­дірілген. Мем­­­­лекетке кел­тіріл­ген залал 176 750 теңгені құ­рап, оның ішінде 75 750 теңге за­лалы төленіп, қалған сома­сы өндірілуде. Сондай-ақ аң аулау барысында заңсыз пай­дала­нылған 21 дана қару тәркіленіп, жергілікті полиция бөлімінің уақытша сақтау қоймасына тапсырылды.

Жалпы, табиғаттың бай­лы­ғын қорғау әр азаматтың тіке­лей жауапкершілігіне бай­ланысты. Алайда, заң­ды белден басып, өзінің же­ке мүддесін ғана көздей­тін­дер жоқ емес. Об­лыс әкім­ді­гінің мәліметінше, «Маман­­дан­дырылған жануар­лар дү­­­ниесін қорғау жедел қыз­ме­тінің» қырағы қорықшы­ла­рының күшімен Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылының тұрғыны Бекнұр Шығынбай «Қосқұдық» орман қоры аума­ғын­да заңсыз қоян атқаны үшін ұсталып, оған 12 625 тең­ге ­көле­мінде айыппұл са­лынды және мылтығы тәр­кіленді. Ал Байзақ ауданы Көкөзек ауы­лының тұр­ғыны Аман Әмірханов Бай­зақ мемлекеттік орман қоры жерінде заңсыз шіл атқаны үшін ұсталып, 12 625 теңге айыппұл мен 63 125 теңге келтірілген залалы өндірілген. Және мыл­тығы сақтау қоймасына өт­­кізілген. Сондай-ақ Байзақ ауда­ны Дихан ауылының тумасы Жамбыл Мирсалимов Байзақ мемлекеттік орман қоры жерінде шіл құсын ат­қаны үшін айыппұл өтеген. Осы іспеттес Талас ауданы Қа­ра­тау қаласының тұрғыны Ер­жан Фазылов Сарысу мем­лекеттік орман қоры аума­ғында заңсыз аңшылық жа­са­ғаны үшін ұсталса, осы қо­­рықта мылтығын тастап қаш­­­қан белгісіз азаматқа қа­тыс­ты іздестіру шаралары жүр­­гізілуде. Бұдан бөлек, Бай­зақ ауданы Жақаш ауы­лының тұрғыны Ербатыр Са­киев аң аулау қағидасын бұз­ғаны үшін жазаға тартылса, аудан орталығы Сарыкемер ауылының тумасы Александр Троеглазов Жамбыл ауданы жерінде жабайы үйрек атқаны үшін айыппұл арқалап отыр. Байзақ ауданы Сарыкемер ауылының тұрғыны Николай Шапавалов, Тараз қаласының тұрғындары Жұмаділла Жү­ні­сов, Нұрлан Ақылбаев пен Марат Бердалиев Сарысу ауда­­нының жерінде заңсыз аңшылық жүргізгені үшін қолға түскен.

Жалпы, есепті кезеңде Са­­ры­­су ауданының орман­ қо­ры жерінде заңсыз аң аулау­ фак­­тілері жиілеп кет­ті. Мәсе­лен, Жайлаукөл ауы­­лы­ның тұр­ғыны Сабыр Жамбыл­­бековке заңсыз аңшылық жа­са­­ғаны үшін хаттама толтырылса, мойынқұмдық Жа­ңа­бек Абдыбек, Панарбек Қа­лымбетов, Орынбасар Сері­ков пен Валерий Бадулинге заңсыз үйрек атқаны үшін іс­ қозғалды. Жамбыл ауданы Қаракемер ауылының маңында Абай Асы­лов есімді заң бұзушы қол­­ға түсті. Осы­­­­­­­­лайша биыл ал­ғашқы тоқ­санның өзінде 21 дерек бо­йынша барлығы 542 875 теңге көлемінде айыппұл са­­­­­лы­нып, келтірілген залал 719 625 теңгеге теңестіріліп отыр. Оның 113 625 теңгесі қа­­­­зы­­наға құйылса, қалған 606 000 теңгесі өндірілуде.

Әрине жануарлар әле­мінде бра­коньерлік факті­лердің көрініс табуы бұрын­нан­ бар. Дей тұрғанмен, суық­ қарудың күшімен та­би­ғат­ қойнауындағы тірі бай­лық­тарды ату, аулау бү­гінде бе­лең­ алып тұр. «Қызыл кітап­қа» енген аң мен құс­тың саны күн­нен-күнге көбейіп барады. Бұл ретте әркім өзі­нің ғана жайын ойламай, та­биғаттың ен байлығын сақ­тауға үлес қос­са екен деген ой бар.


Жамбыл облысы