Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентінің шақыруымен алғашқы мемлекеттік сапарын осы елге жасады. Екі күндік сапар аясында президенттер Қ.Тоқаев пен Ш.Мирзиёевтің шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізуі, бірқатар құжатқа қол қоюы, сондай-ақ Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу салтанатына қатысуы көршілес елдер арасындағы жылы шырайлы байланыстың, ыстық ықыластың көрінісі болды. Қазақстан Президентінің алғашқы мемлекеттік сапары туралы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары көптеген хабар таратып, көршілес мемлекеттердің бірлескен жоспарлары туралы пікірлерін жариялады. Өзбекстан ақпараттық агенттіктері Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары екі ел ынтымақтастығының дами түсуіне сеп болатынын жарыса жазды.

Тарқата айтар болсақ, «Өзбекстан» Ұлттық ақпарат агенттігі Қазақстан Президентін Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов күтіп алғанын, ал Көксарайдағы кездесудің ресми бөлімі шағын құрамдағы келіссөзге ұласқаны туралы жазады.
Ал kun.uz онлайн порталы кездесудің екіжақты ынтымақтастықтың нығаюына септігін тигізетінін айта келе, «Ш.Мирзиёев аталған сапарды бұған дейін қалыптасқан саяси диалогтың жалғасы деп білетінін айтты» деп жазды. Сонымен қатар өз хабарламаларында Ш.Мирзиёевтің «Қазақстан Президенті ретіндегі алғашқы мемлекеттік сапарыңызды Өзбекстаннан бастағаныңызды жоғары бағалаймыз. Біз үшін Қазақстан Республикасы – шекаралас мемлекет, стратегиялық серіктес. Ынтымақтастығымыз бен әріптестігіміздің барлық бағытта дамып жатқаны бізді қуантады» деген сөзін келтірген.
«Спутник Өзбекстан» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, кеңейтілген құрамдағы отырыста Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы 2017-2019 жылдарға арналған экономикалық серіктестік стратегиясының нәтижесі сөз болған. Бұдан бөлек, хабарламада министрлік өкілдері мен екі елдің ірі компанияларының басшылары қатысқан жиналыста алдағы жылда екі ел арасындағы тауар айналымын 5 млрд АҚШ долларына өсіру келісілгені туралы жазылған.
Ақпарат агенттігінің жазуынша, кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев «Шавкат Миромонұлы, Сіз Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев екеуіңіз мемлекетаралық қатынасты жаңа белеске алып келдіңіз. Осы жетістікті одан әрі дамыту – парызым деп білемін. Бауырлас Өзбекстанмен серіктестік Қазақстан үшін де маңызды» деген.
Сондай-ақ мемлекеттер басшылары кездесу барысында екіжақты қатынасты нығайту, сауда, көлік, өнеркәсіп кооперациясы, туризм және басқа да салалардағы серіктестік туралы сөз еткен. Одан бөлек Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға атсалысу, аумақтағы қауіпсіздік пен бейбітшілікті нығайту мәселелерін талқылаған.
Агенттік ақпаратына сүйенсек, екіжақты қатынас бойынша үкіметаралық комиссияға сауда байланысының номенклатурасын өсіру, экономикалық кооперацияның ұзақ мерзімді формасын дамыту тапсырылған. Оған қоса екі ел өкілдері 2018 жылдың қарашасында Шымкент қаласында өткен аймақаралық серіктестік форумының нәтижелерімен бөліскен.
«Президенттер екі ел арасындағы демакрация процесіне көңілдері толатынын білдіріп, өткізу пункттерінің нәтижелі жұмысы туралы сөз қозғады.
Тараптар көлік, логистика, өнеркәсіптік кооперация саласындағы бірлескен жобалар атқаруға келісті. Олардың айтуынша, аталған салаларды дамыту мемлекет арасындағы экспорт пен транзит мүмкіндіктерін арттырмақ» делінген агенттік ақпаратында.
Бұдан өзге өзбекстандық ақпарат агенттіктері Қазақстандағы Өзбекстан жылы жоғары бағаланып, Қазақстан Президентінің мемлекеттік сапары аясында бастау алған Өзбекстандағы Қазақстан жылы аталған шараның жалғасы болатыны туралы жазады.
«Новости Узбекистана» газеті Өзбекстанда Қазақстан жылы салтанатты түрде басталғанын айтып, ел президенттері мемлекеттер арасында түзілген мәдени-гуманитарлық байланысты одан әрі нығайта беретінін жазады. Газеттің жазуынша, халықтар арасындағы достықты дәріптеуге бағытталған шараларды жалғастыру екі ел арасындағы сенімнің, қолдаудың, бауырластықтың беки түсуіне себеп болмақ. Басылым аталған шара өнер, ғылым, білім, бизнес өкілдеріне жаңа мүмкіндіктер беріп, екі елдің мәдениетінің жақындасуына алып келеді дейді.
Одан бөлек, Өзбекстан газеті «Орталық Азия» халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығын құру мәселелері жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға, Қазақстан Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Өзбекстан Министрлер кабинеті жанындағы Дін істері жөніндегі комитет арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғанын хабарлады.
«Газета.uz» басылымы Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылуы Ташкенттегі Халықаралық форумдар сарайында өткенін хабарлайды. Мемлекет басшылары қатысқан шарада Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев өзбек халқына ыстық ықыласы мен қонақжайлылығы үшін алғыс айтқанын хабарлады. Сонымен бірге басылым Қ.Тоқаевтың «Екі ел байланысында қиын мәселе жоғын сеніммен айта аламын. Керісінше, тараптар достықты нығайтуға бар күштерін салып жатыр. Өзбек халқы біз үшін қашанда жақын бауырымыз болған. Бізді де олардың жақсы қабылдайтынына сенімдіміз. Бауырлас елдер бір тағдыр мен ортақ келешекпен байланысқан» деген сөзін келтіреді.
Дайындаған
Светлана ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ,
«Egemen Qazaqstan»
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Бүгін, 22:37
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Бүгін, 21:23
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 20:40
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Бүгін, 19:38
Ташкентте коронавирус жұқтырғандарды емдейтін орталықтар қайта ашыла бастады
Әлем • Бүгін, 18:46
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:39
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 16:33
Елордада BMW X7 көлігі жарық бағанына соғылып, аударылып қалды
Оқиға • Бүгін, 15:38
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Бүгін, 14:31
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Бүгін, 12:51
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Бүгін, 12:10
Мемлекет басшысы БАҚ саласындағы сыйлықтар мен гранттарды беру туралы өкімге қол қойды
Президент • Бүгін, 11:33
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Бүгін, 10:20
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Бүгін, 09:18
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • Кеше
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • Кеше
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • Кеше
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • Кеше
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • Кеше
Парламент • Кеше
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • Кеше
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • Кеше
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар