Экономика • 17 Сәуір, 2019

Қазақстан өзінің көліктік-транзиттік әлеуетін толық жүзеге асыруға құштар

891 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Еуропалық Одақтағы румын төрағалығы аясында ү.ж. 15 сәуірде Румыния астанасында өткен «Тұрақты даму үшін тығыз байланыс» атты Орталық Азия бойынша ЕО жоғары деңгейіндегі Конференциясының басты тақырыбы көліктік-логистикалық саладағы ынтымақтастықты дамыту және кең мазмұндағы өзара байланыстылықты нығайту болды.

Қазақстан өзінің көліктік-транзиттік әлеуетін толық жүзеге асыруға құштар

Конференцияның ашылуында сөйлеген сөзінде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко ЕО-ның Орталық Азия өңірімен өзара әрекеттестігі мәнмәтінінде осы тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті. Қазақстандық дипломат ЕО, Еуропа және Орталық Азия елдерінің сыртқы істер және көлік министрліктері басшыларынан құралған аудиторияны «Нұрлы жол» бағдарламасы және «Белдеу және жол» бастамасының түйіндесуі шеңберіндегі елдің көліктік-логистикалық инфрақұрылымының даму барысы туралы жан-жақты ақпарат берді.

Р. Василенко Ұлы Жібек Жолының жандануы және өзара байланысқан Еуразияны құру идеясының іске қосылуы үшін Қазақстанның көліктік-транзиттік әлеуетін толық жүзеге асырудың үлкен маңыздылығын баса айтты. «Екі бағдарламаның ымыраласуы шетелдік инвестицияларды, озық технологияларды тартуға және қазақстандық тауарлардың экспортын ілгерілетуге жақсы жағдай жасайды. Еуропаға жол бойындағы қытайлық бастаманың бағытында орналасқан алғашқы ел бола отырып, біз Қытайдан Еуропаға байланыстырушы буын және Еуразиялық континенталды көпірінің негізгі бөлігіміз», дей тұра, осы  үрдістер Азия елдерінен Еуропа елдеріне және кері бағытта өндірушіден тұтынушыға тауарларды жеткізудің мерзімі мен жолы айтарлықтай қысқаруына мүмкіндік беретінін атап өтті.

ҚР СІМ өкілі 2018 жылғы Еуропа және Азияның өзара байланысуы бойынша ЕО Стратегиясының қабылдануын қошаметтеп, Орталық Азияны ғаламдық нарықтар арасындағы стратегиялық көпір ретінде белгілеу бойынша Қазақстан басшылығы мақсатының және континенттік қарқындағы ірі сауда-экономикалық жобалардың тығыз ынтымақтастығын көздеп отырған ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынуымен Үлкен Еуразия тұжырымдамасының іске асырылуына осы құжат қолғабыс көрсететініне сенім білдірді. «Жуырдағы сұхбатында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үлкен Еуразия идеясын толық қолдайтынын айтты», деп қосты Министрдің орынбасары.

Конференция алаңында қазақстандық дипломат бірқатар екіжақты кездесулер өткізіп, ЕО, Румыния, Польша, Хорватия және өзге мемлекеттермен орнатылған өзара әрекеттестіктің ахуалы мен келешегін талқылады.

Орталық Азия бойынша ЕО Арнайы өкілі Петер Бурианмен екіжақты және өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, Орталық Азияда жаңа ЕО Стратегиясының мақұлдану үрдісі, сондай-ақ Қазақстан мен Еуропалық Одақ және оның мүше-мемлекеттері арасындағы Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы Келісімнің күшіне енуі талқыланды.

Румыния Сыртқы істер министрі Теодор Мелешканумен кездесу барысында әңгімелесушілер өзара әрекеттестіктің оң серпінін және сенімді сипатын қанағаттанғандықпен белгілеп, жинақталған саяси, экономикалық байланыстардың екпінін қолдаудың маңыздылығына ен салды.

Көлік, технология трансферті, мәдениет және білім саласында, сондай-ақ студенттермен алмасу тәжірибесін кеңейту және шәкіртақылар ұсынуды қоса алғанда, ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге екі тарап дайындықтарын білдірді.

Румыния Іскерлік орта, сауда және кәсіпкерлік министрлігінің Мемлекеттік хатшысы, Сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі қазақ-румын үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Габиела Войчиламен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың перспективалары қарастырылды. Атап айтқанда, екі елдің іскерлік орталарының өзара қызығушылығының маңызды көрсеткіші қазақстандық нарықта румын капиталымен 30-дан астам кәсіпорындар қызмет етуі болып табылады. Өз тарапынан, Қазақстан Румынияны каспийлік мұнайды экспорттау үшін «хаб» ретінде таңдап, оның айғағы ретінде елдің экономикасындағы ірі инвесторлардың бірі – «ҚазМұнайГаз Интернейшнл» компаниясының табысты қызметі болып табылады.

2018 жылдың нәтижесі бойынша Румыниямен сауда айналымы 45%-ға өсіп, 1,7 млрд. АҚШ долларына жетті. Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары энергетика, машина жасау, металлургия, көлік, логистика және жеңіл өнеркәсібі болып табылады.

Румыния Депутаттар палатасы Төрағасының орынбасары, қазақ-румын парламентаралық ынтымақтастық тобының тең төрағасы Флорин Иордакемен, Либералдар және демократтар альянсы Төрағасының орынбасары Андрей Джерямен, Адам құқығы және дін комитетінің Төрағасы Юсейн Ибраммен өткен келіссөздердің назарында парламентаралық ынтымақтастықты жандандыру болды. Р. Василенко Румынияның заң шығарушы органы басшылығының 2019 жылғы 23-24 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің Төртінші отырысына қатысу маңыздылығын атап өтті.

Польша және Хорватия сыртқы істер министрлері орынбасарлары Марцин Пшидач және Ивана Живковичпен өткен кездесу барысында екіжақты саяси және сауда-экономикалық қарым-қатынастар дамуының өзекті мәселелері талқыланды.

Бухарест қаласына сапардың екінші күні, 2019 жылғы 16 сәуірде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары «2030 жылға дейінгі Күн тәртіп: тұрақты даму үшін серіктестік» атты Халықаралық конференцияға қатысып, оның барысында ЕО, Шығыс серіктестік, Батыс Балкан және Орталық Азия елдерінің өкілдері тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Р. Василенко сондай-ақ Оңтүстік-Еуропадағы ірі жеке көлік «Грампет Груп» компаниясының президенті, қазақ-румын іскерлік кеңесінің тең төрағасы Груя Стойкамен кездесіп, еліміздің көліктік саласына инвестиция құю келешегін талқылады. 2018 ж. қыркүйекте «Грампет Груп» компаниясы Транскаспийлік халықаралық көліктік бағытқа қосылған алғашқы еуропалық компания болды. Г. Стойка Қазақстанда теміржол жүк вагондарын шығару және жөндеу бойынша бірлескен кәсіпорын құруға дайындығын білдірді.

Қазақстандық делегацияның Бухарест қаласына сапары Қазақстан – ЕО бағыты және Румыния мен өзге еуропалық мемлекеттермен екіжақты ынтымақтастық форматында өзара әрекеттестіктің сенімді және сындарлы сипатын, атап айтқанда, тараптардың саяси, экономикалық және гуманитарлық байланыстардың одан әрі нығаюына көзделгенінқұптады.

Соңғы жаңалықтар

Көлікпен дәулет құраған

Қоғам • Бүгін, 10:40

Әлжанның алтын медалі

Таным • Бүгін, 10:20

Ақылды келіншек

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 10:00