Конференция жұмысына партияның облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Болат Бақауов, партия ардагерлері, партияның облыстық филиалының Саяси кеңесінің мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Конференция барысында «Бақытты отбасы», «Халыққа көмек», «Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен» ұлттық жобаларының жүзеге асырылуы жайлы талқыланды.
Жалпы, бұл жалпыұлттық жобаларды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның кезекті XVIII съезінде анықтап берген әлеуметтік басымдықтар.
Жобалардың мақсаты–халықты алаңдатқан өзекті мәселелерді шешуге партия тарапынан үлес қосу.
Партия облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Болат Бақауов айтып өткендей, сондықтан-«Халыққа көмек» жобасы тұрғындардың күнделікті тұрмыс жағдайларына назар аудару, қолдау , көмектесу.
Әрбір партия мүшесіне аталған жобалардың маңыздылығын түсініп, оларды жүзеге асыруға белсенді атсалысуды тапсырды.
– Бұл күндері өңірдегі барлық қоғамдық қабылдау бөлмелерінде 14 әлеуметтік терезе ашылды. Сол арқылы азаматтар кез келген сұрағын жолдай алады. Осы күнге дейін 673 өтініш келіп түсті. Қазір 67 өтініш шешімін тапты,-деді филиал төрағасының бірінші орынбасары Николай Дычко.
Сонымен бірге, «Бақытты отбасы» партиялық жобасы барысында аз қамтамасыз етілгенн және көпбалалы отбасыларды қолдау үшін 3,3 млрд теңге қарастырылған.
Осы отбасылардың балаларын балабақшаларға орналастырып, апару үшін 391,8 миллион теңге, оқушыларды мектептерде тегін тамақтандыруға 824 теңге, ал балалардың жазғы лагерьлерде демалуы мақсатында 305 миллион теңге бөлінуде.
Сонымен бірге, облыс әкімі еліміздегі алда келе жатқан маңызды уақыт президенттік сайлау жөнінде айтып өтті.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 9 маусымда кезектен тыс президенттік сайлау өтетінін мәлімдеді, - деді Болат Бақауов.
–Біздер осы саяси шарада ішкі және сыртқы саясатымыздың тұрақтылығын танытуымыз қажет. Елбасының әлеуметтік бағдарламаларын жүзеге асыруды жалғастыруымыз қажет.
Конференция соңында 23 сәуірде Нұр-Сұлтанда өтетін «Nur Otan» партиясының ХІХ кезектен тыс съезіне 35 партия мүшесі баратын болды.
Қазақстан құрамасы Еуро-2024 кестесінде үшінші орынға көтерілді
Футбол • Бүгін, 13:10
Тіл саясаты комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:05
Жозеп Боррель: Белоруссиядағы ядролық қару Еуропаға қауіп төндіреді
Әлем • Бүгін, 12:52
Сайлау қорытындысы: Мәжіліске өткен бір мандатты депутаттар анықталды
Сайлау • Бүгін, 12:42
Партиялар арасында Мәжіліс депутатының мандаттары қалай бөлінгені белгілі болды
Сайлау • Бүгін, 12:35
«Мен үшін үлкен абырой». Шавкат Рахмонов Президентпен кездесуі туралы
Спорт • Бүгін, 12:28
Ұқсас жаңалықтар