Бұл сурет 1965 жылдың 25 мамырында АҚШ-тың Льюистон деп аталатын шағын ғана қалада өткен кәсіпқой бокс кешінде түсірілген. Небәрі 4 200 көрермен тамашалаған жекпе-жекте Мұхаммед Әли мен Сонни Листон жұдырықтасып, аса ауыр салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы атағын сарапқа салды.

Ол кездері Кассиус Клей енді ғана «қаһарына» мініп келе жатқан. Бастапқы 19 кездесудің барлығында жеңіске жеткен ол әлемдік тәж үшін айқасуға даяр екенін барша жұртқа жариялады. Жай ғана айтып қоймай, Сонни Листонды балағаттап, оның намысына тиді. Әуелде «Мен» деп кеуде қаққан талай мықтыны көкала қойдай сабаған Сонни мақтаншақ жiгiттi менсiнбедi. Ал Кассиус оның қыр-соңынан қалмай, көпшiлiктiң алдында кекетіп, мұқатуды әдетке айналдырды. Шыдамның да шегi бар ғой, ақыры Листон жас боксшымен кездесуге келiсiмiн бердi. Матч 1964 жылдың 25 ақпанында Майами-Бичте өтедi деп белгiлендi. Сол кезде бокс тақырыбына қалам тартатын 46 журналистiң 43-i Листон жеңедi деген пiкiрге тоқталды. Ал букмекерлік кеңселер де әлем чемпионының жеңіске жететініне күмән келтiрмедi.
Көпшілік тағатсыздана күткен кездесуде сенсациялық нәтиже тіркелді. Алтыншы раундтағы үзілістен кейін 32 жастағы Сони жарақат алғанын алға тартып, бәсекені жалғастырудан бас тартты. Әлем чемпионы атанған бетте 22 жастағы Кассиус Клей ислам дiнiн қабылдап, аты-жөнiн Мұхаммед Әли деп өзгерттi.
1965 жылдың 25 мамырында қарымта кездесу ұйымдастырылды. Алдағы жекпе-жектің нәтижесін кездейсоқтыққа балаған барша жұрт бұл жолы Сонни Листон жеңеді деп жорамалдады. Бірақ Льюистондағы айқас екі минутқа жетпей аяқталды. Жанамалап қана тиген соққыдан соң кескен теректей сұлап түскен Соннидің бәсекені одан әрі жалғастыруға зауқы соқпады. Сол көрініс жоғарыдағы суретте бейнеленген. Ол жерде айқасқа тоймаған Әли жығылып жатқан қарсыласына: «Оңбаған тұр. Жігіт болсаң, аяғына дейін төбелес» деп айқайлап жатыр...
Міне, осы жекпе-жектен соң Мұхаммед Әлидің даңқы алысқа жайылып, төрткүл дүние жұртшылығы оның мықтылығын түбегейлі мойындады. Иә, Сонни Листонның да одан кейін жаман жұдырықтаспағаны рас. Атап айтсақ, 1966-1970 жылдар аралығында 16 рет рингке көтерілген ол 15 бәсекеде басымдық танытты. Алайда, 1970 жылдың 30 желтоқсанында Лас-Вегастағы үйінде әйгілі боксшының мәйіті табылды. Ол небәрі 38 жаста еді...
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 18:13
Президент Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты
Президент • Бүгін, 17:55
Алан Құрманғалиев Испаниядағы бәсекеде жүлделі орын алды
Спорт • Бүгін, 17:43
Маймыл шешегін жұқтырғандар саны 200-ге жетті - ДДҰ
Әлем • Бүгін, 17:37
Ерлан Қарин Алматыдағы концертте орын алған келеңсіз жайтқа қатысты пікір білдірді
Қоғам • Бүгін, 17:23
Қазақстан-Армения үкіметаралық комиссиясының отырысы өтеді
Қазақстан • Бүгін, 17:10
Президент мәдениет қайраткері Айтжан Тоқтағанға алғыс хат жолдады
Президент • Бүгін, 16:52
Елордада велосипедшілер шеруі өтеді
Елорда • Бүгін, 16:45
232 маңғыстаулық көлік жүргізуші куәлігінен айырылды
Аймақтар • Бүгін, 16:33
Қаржы • Бүгін, 16:23
Елордада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының форумы өтеді
Елорда • Бүгін, 16:17
Қасым-Жомарт Тоқаев Польша президентімен сөйлесті
Президент • Бүгін, 16:04
Демалыс күндері 33 градусқа дейін ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 15:50
Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:40
Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 15:33
Референдумға латвиялық бақылаушылар келеді
Референдум-2022 • Бүгін, 15:25
Әрбір фермер бөлінетін қаражаттың игілігін көруі тиіс – Әлихан Смайылов
Үкімет • Бүгін, 15:12
Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды
Спорт • Бүгін, 15:00
Үй кезегін жылжытуға тырысқан бойжеткен алаяқтарға алданып қалды
Аймақтар • Бүгін, 14:47
Елдегі қылмыс жасағандардың 80 пайызы жұмыссыздар
Қазақстан • Бүгін, 14:35
СІМ Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға экстрадициялау туралы пікір білдірді
Қоғам • Бүгін, 14:22
Қазақстанда электронды темекіге тыйым салынуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 14:12
Армения алғашқы ғарыш спутнигін ұшырды
Әлем • Бүгін, 13:59
Шардарада балық аулаудан республикалық жарыс өтті
Аймақтар • Бүгін, 13:42
Досын пышақтаған қылмыскерге сот үкімі шықты
Аймақтар • Бүгін, 13:27
Мұнай тиелген 17 вагон өзенге құлады
Әлем • Бүгін, 13:18
Саяжайдан есірткі зертханасы табылды
Аймақтар • Бүгін, 13:07
Рио-де-Жанейродағы полиция операциясынан 21 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 12:54
Түркістан облысында бір аптада 90-нан астам құқықбұзушылық анықталды
Аймақтар • Бүгін, 12:47
Нұр-Сұлтанда әйел мен жасөспірімнің үстіне баннер құлады
Елорда • Бүгін, 12:35
Қазақстан ауған халқына гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыра береді
Қазақстан • Бүгін, 12:25
Солтүстік Қазақстанда қант тағы қымбаттады
Аймақтар • Бүгін, 12:18
Ырғыз ауданының екі ауылына газ беріледі
Аймақтар • Бүгін, 12:07
Әлихан Смайылов Каспий құбыр консорциумының бас директорымен кездесті
Саясат • Бүгін, 11:54
Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысының прокуроры тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:42
Қазақстандық ғалымдар артериялық патологияны емдеудің жаңа әдісін тапты
Медицина • Бүгін, 11:35
Қарағандыда кабель мен кәріз люктерін ұрлап кеткендер ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:25
Мәдениет және спорт министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:14
Президент Мырзатай Жолдасбековті құттықтады
Президент • Бүгін, 11:08
9,5 млн адам коронавирусқа қарсы екпе алды
Қазақстан • Бүгін, 10:54
Ұқсас жаңалықтар