Спорт • 18 Сәуір, 2019

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

1760 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Партияның аймақтық филиалының кезектен тыс ХХХ конференциясында Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасы бірінші орынбасары болып тағайындалған Елубай Жақайұлы Әбіловты көпшілікке таныстырды.

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

Елубай Жақайұлы 1962 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді. 2002-2017 жылдар аралығында Маңғыстау ауылы, Мұнайлы ауданы және Жаңаөзен қаласының әкімі болып қызмет жасаған. Соңғы жұмыс орны Маңғыстау облыстық мәслихатының аппарат жетекшісі.

Конференцияда ұзақ жылдар мемлекеттік қызмет саласында еңбек еткен Елубай Жақайұлы Әбіловке жаңа қызметінде Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы жүктеген партиялық жобаларды жүзеге асыруға күш-жігерін жұмсайды деген сенім білдірілді.

Маңғыстау облысы