Кездесу барысында елші мырза соңғы жылдары елордада орын алған өзгерістерді атап өтті. «Біз осы қалада жұмыс істеп жатқанымызды бағалаймыз. 2003 жылы мен сіздің қалаңызда болып, Қазақстан Президентімен кездестім. Оның маған қандай нысанның қай жерде салынатынын макетте көрсеткені есімде. Ал бүгін мен кезінде макетін көрген ғимараттарды қызықтаудамын», – деп бөлісті әсерімен Украина елшісі.
«Қазақстан мен Украина арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамуда. Сыртқы саясат мәселелерімен айналысатын ведомстволар арасындағы және халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастық сындарлы болып табылады. Тараптардың ұстанымы заманауи халықаралық қатынастарға қатысты сұрақтардың көбісі бойынша сәйкес келеді»,– деді Бақыт Сұлтанов.
Украина елшісі елорда әкімін мемлекеттер арасындағы мәдени және білім беру саласындағы өзара байланыстың дамуы жөнінде хабардар етті.Тараптар Қазақсатнның саяси және экономикалық тұрғыда дамуындағы украиналық диаспораның жоғары белсенділігін атап өтті. Бұдан бөлек, Қазақстанның Киевтегі мәдени күндері мен Украинаның Нұр-Сұлтандағы мәдени күндері сияқты ресми іс-шараларды өткізу мүмкіндігі талқыланды. Кездесуде, сондай-ақ, Қазақстан астанасында Тарас Шевченконың құрметіне ескерткіш орнату мүмкідігіне қатысты мәселе қаралды.