Сарыарқа ауданы әкімдігінің Facebook-тегі ресми парақшасында хабарланғандай, Нұр-Сұлтанда атаулы орындықтарды орнату жобасы жалғасуда, «Біздің қаланың кез келген тұрғыны немесе ұйымы демалуға арналған орындыққа атаулы тақтайша орната алады. Сарыарқа ауданының әкімдігі сіздерге жағажай, саябақтар және аудан көшелерінен орын ұсына алады», – делінген хабарламада.
Жоба кураторы, Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Жасұлан Бағисов атап өткендей, аудан аумағында сегіз мыңға жуық атаулы орындықтар бар: ұйымдар немесе жеке тұлғалардан біреу қалаға осындай орындықтар сыйлай алады. Біреу досына, туған күніне, ал біреу осындай тәсілмен сезімін білдіреді.
Қосымша ақпарат алу үшін мына телефон арқылы хабарласуға болады: 8 (701) 139-70-09 (Жасұлан Бағисов).