Экономика • 19 Сәуір, 2019

Көкшетау-Мәскеу әуе рейсі жанданбақ

904 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Көкшетау-Мәскеу әуе рейсі жанданбақ

Көкшетау әуежайы халықаралық әуе рейстерін қайта жандандырмақ. Мамыр айының соңына қарай Мәскеу-Көкшетау-Мәскеу бағытында әуе рейсі қатынайтын болады. Рейсті Иркутскінің «ИрАэро» әуекомпаниясы 98 жолаушыға арналған «Sukhoi Superjet 100» ұшағы арқылы жүзеге асырады деп күтілеуде.

Мұндай қадам Ақмола өңірінің туристік әлеуетін арттыра түсуге игі ықпалын тигізеді. Әзірге рейс аптасына бір рет, кейін екі рет Мәскеудің Жуковский әуежайы арқылы ұйымдастырылады. Бұл әрекет көрші мемлекетпен сауда-экономикалық қатынастарды да жақсарта түспек. Алдағы жылы Көкшетауда Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумын өткізу жоспарланып отыр. Бұл сол маңызды іс-шараларға дайындықтың бір парасы.

Жаз айларында табиғаты тамылжыған Бурабай баурайына ресейліктердің қызығушылығы арта түседі. Міне, осындай кезде қатынаста кідірістің болмағаны жақсы.


Ақмола облысы