МТҚ-ның негізгі күш-жігері оқу-жаттығу барысында әскери қызметшілерге жауынгерлік қызмет үшін қажетті жағдай жасауға бағытталды. Далалық жағдайларда орналастыру барынша жайлылық, жасырынушылық пен қайта орын алмастыру кезінде ұтқырлықты біріктіру үшін жасалған. Жеке құрамның ыстық тағаммен тамақтануы, монша-кір жуу қызметі бөлімдердің шаруашылық жабдықталым пункттерінде ұйымдастырылған. Далалық жағдайларда материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшелері шаруашылық жабдықталымның 42 пунктін өрістетті. Тамақтануды ұйымдастыру үшін 100-ден аса аспазшы, шамамен 200 бірлік азық-түлік қызметінің техникалық құралдары, оның ішінде, бір тәулік ішінде 5 тонна нан пісіретін далалық механикаландырылған нан зауыты және әскери қызметшілерді заттай мүліктің қажетті санымен қамтамасыз етуге арналған далалық қойма тартылды.
Әскери госпитальдар мен лазареттер далалық жағдайда қажетті емдеу инфрақұрылымын орнатты. Жауынгерлік қолдану аудандарына орналастыру барлық қолда бар күш пен материалдық-техникалық қамтамасыз ету құралдарын өрістетуді қажет етті.
МТҚ бөлімшелері жауынгерлік бөлімшелерге уақтылы жеткізу үшін оқ-дәрілердің далалық қоймаларын өрістетті. Әскери техниканың үздіксіз жұмыс жасау үшін далалық құю пункттері мен жөндеу шеберханалары жабдықталды, ал әскерлердің жауынгерлік тәртібінде эвакуациялау құралдары бар зақымдалған машиналарды жинау пункттері қарастырылған.
Қазіргі уақытта материалдық-техникалық қамтамасыз ету әскерлерді қамтамасыз етудің маңызды түрлерінің бірі болып табылатынын айта кету қажет. Онсыз заманауи жағдайда күнделікті қызмет, ауқымды оқу-жаттығулар мен жалпы Қазақстан армиясының дайындығы мүмкін емес.