20 Сәуір, 2019

Атырау облысында жүк көлігінің жүргізушілеріне 2018 жылы 35 млн теңге айыппұл салынған

1029 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2019 жылдың 3 айында 174 тасымалдаушы жүк көлігі ұсталып, оларға 11 млн.114 мың 570 теңге айыппұл салынды. Бұл туралы ӨКҚ-де өткен брифингте Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары Аманжол Хабдешов мәлімдеді.

Атырау облысында жүк көлігінің жүргізушілеріне 2018 жылы 35 млн теңге айыппұл салынған

- Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясымен 2018 жылы құқық бұзушылықпен инертті жүк тасымалдайтын 782 автокөлік құралы анықталып, 34 млн.879 мың 420 теңге айыппұл салынды. 2019 жылдың 3 айында 174 карьер автокөлік құралы ұсталып,  оларға 11 млн.114 мың 570 теңге айыппұл салынды. Осы бағытта инспекциямен жергілікті атқарушы, прокуратура, полиция департаменті және мемлекеттік кіріс органдармен бірлескен күш түсу алгоритмін бақылау және ауыр жүк көліктерінің салмағын тексеру жөнінде жол картасы жасақталып, облыс әкімнің орынбасарымен бекітілді , - дейді Аманжол Хабдешов.

Айта кетейік, облыста инертті құрылыс материалдарын өндіретін 9 ашық карьер анықталып отыр. Олардың 5-еуі облыс орталығынан 180 шақырым қашықтықта орналасқан Индер ауданының аумағында, 2-і Атырау қаласының маңында, 1-і облыс орталығынан 250 шақырым қашықтықтағы Жылыой ауданында орналасқан және Қызылқоға ауданының орталығы Миялы селосынан 5 шақырым қашықтықта 1 карьер бар. Мониторинг нәтижесі көрсеткендей аталған карьерлер маусымдық кезеңмен жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың 28 желтоқсанында  ведомстоваралық отырыста облыс әкімі Нұрлан Ноғаев облыстағы жолдардың нашарлауына тікелей себепші үлкен жүк көліктері екенін мәлімдеді.  Артық жүк тиеген жүргізушілерге шара қолдану керектігін айтып,  көліктік  бақылау инспекциясы қызметкерлеріне ескерту жасаған болатын. Ауыр жүк көліктері үшін қаралмаған жолдарды жүргізушілердің есепсіз пайдалануы - жол  төсендісінің қысқа мерзім ішінде жарамсыз жағдайға түсуіне ықпал етіп отыр.

Соңғы жаңалықтар