Заман талабына сай құжат
Сенбі, 1 қыркүйек 2012 7:59
Кеше Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Конституция – қоғам мен мемлекеттің әлеуметтік жаңғыруының негізі» тақырыбында өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың жетекшісі Вячеслав КАЛЮЖНЫЙМЕН кездесіп, одан Конституцияның маңыздылығы жөніндегі ойларымен бөлісуін өтінген едік.

– Конференцияның тақырыбы айтып тұрғандай, Конституция еліміздің әлеуметтік жаңғыруының негізі болып саналады. Сіздің ойыңызша, Конституцияда адамның лайықты өмір сүруіне, оның әлеуметтік жағынан қорғалуына барлық жағдай жасалған ба?
– Біздің Конституция, өздеріңізге белгілі, осыдан 17 жыл бұрын бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған. Бұл құжаттың маңыздылығы сол, онда халықтың лайықты өмір сүруіне, адамның жеке бостандығы мен құқықтарының сақталуына барлық жағдай жасалған. Қазір Конституция қабылданған кезден бері әлі өзгеріссіз келе жатыр. Бұл Ата Заңымыздың қазіргі заман талабына әбден лайық жасалғанын көрсетеді. Жалпы, Конституция күні осындай жиындар дәстүрлі түрде жыл сайын өтіп тұрады. Біз мұнда Ата Заңымызға байланысты барлық мәселелерді талқылаймыз.
– Биылғы конференцияның ерекшелігі неде деп ойлайсыз?
– Биылғы басқосудың ерекшелігі, оған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысқандығында болды. Президент конференцияның алғашқы күні Конституцияның мәні мен маңызы туралы жан-жақты айтып берді. Мәселен, ол Ата Заңымыздың болашақта бір орында қатып қалмай, заман ағымына сай өзгеріске ұшырауы мүмкін екенін айтты. Мен Нұрсұлтан Әбішұлының бұл ойымен толық келісемін. Егер шындықтың бетіне тура қарасақ, расымен де солай емес пе? Яғни, халық Конституциядағы өзінің құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттің көмегімен берілген түрлі мүмкіндіктерді толық пайдаланып, ашылған жұмыс орындарында істеп, материалдық жағдайларын жақсартса, әлеуметтік проблемаларды шешуге өзі де атсалысар еді ғой деп ойлаймын.
Әңгімелескен
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан».