14 Қыркүйек, 2012

Павлодарда сот үкімі жүрмей ме?

335 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Павлодарда сот үкімі жүрмей ме?

Жұма, 14 қыркүйек 2012 7:42

Шыны керек, біз де осы сұ­рақ­қа жауап таба алмай отырмыз. Неге десеңіз қо­лы­мызда Жоғар­ғы Соттың екі және Павлодар облыс­тық кассациялық сотының қаулысы бар, бірақ, сен­се­ңіз де, сен­бе­сеңіз де, сол қау­лылардан Павлодар об­лы­сын­да қай­ран аз секілді. Біз­дің мә­се­леміз бойынша әділ­дік­тің ақ отауы – Жо­ғарғы Сот­тың екі қаулысы және Павлодар облыс­тық кассация­лық сотының  қаулысы шық­са да, оның орын­дал­мауы көңіл­ге күдік ұя­ла­та­ды.

Жұма, 14 қыркүйек 2012 7:42

Шыны керек, біз де осы сұ­рақ­қа жауап таба алмай отырмыз. Неге десеңіз қо­лы­мызда Жоғар­ғы Соттың екі және Павлодар облыс­тық кассациялық сотының қаулысы бар, бірақ, сен­се­ңіз де, сен­бе­сеңіз де, сол қау­лылардан Павлодар об­лы­сын­да қай­ран аз секілді. Біз­дің мә­се­леміз бойынша әділ­дік­тің ақ отауы – Жо­ғарғы Сот­тың екі қаулысы және Павлодар облыс­тық кассация­лық сотының  қаулысы шық­са да, оның орын­дал­мауы көңіл­ге күдік ұя­ла­та­ды. Неге дейсіз ғой? Себебі, біз, яғни, «Адамо­ва Н.Қ» шаруа қо­жа­лы­ғы сонау 1998-1999 жыл­­дары Павлодар облы­сы­на қа­рас­ты Железин ауда­нындағы «Мир­ный» өн­­дірістік кооперативінен төлен­бе­ген жалақы есебіне жеті гектардан аса жер­ге орна­лас­қан астық қоймасын, астық қыр­манын, екі таразы ғимаратын, жылыжай, кеңсе, асхана, ауыл­ша­руашылық техникалар мен құ­рал-сай­ман­дар­ды сатып алған­быз. Алайда бұл қуанышымыз ұзаққа бар­ма­ды. 2003 жылы аудан әкімі мен жер комиссия­сы­ның және т.б. мекеме басшылары біздің, яғни «Адамова Н.Қ» шаруа қожалы­ғы­ның 7,104 гектар жер телімін мүліктерімен қоса   С.Аушев­тің қоластындағы «МАКО» шаруа қо­жалығына құжат­та­рын дайын­дап, өткізіп қойыпты.

Содан біз де арыздандық, бітпес дау басталды. Жұмыс істеу жайына қалды. Бәрі «МАКО» ШҚ-ға жерлеріңді үнсіз ғана бере салыңыздар дейді. Біз еңбек ақы­мызға сатып алған дүниемізді неге береміз деп сотқа бардық. Бірақ неге екені белгісіз «МАКО» ШҚ сойылын соғушылар көп болды. Әрине, осының сал­дарынан біз Павлодар облы­сы­ның маман­дан­дырылған аудан­ара­лық эко­но­микалық сотында және Павлодар облыстық аза­мат­тық сотында жеңіліс таптық. Бірақ «Аққа Құ­дай жақ» деген, Жоғарғы Сот ақиқатты ашып, шыңдықты ай­тып, барлық жал­ған құжаттар мен өткен сот ше­шімдерінің күшін жойды.
Мәселен, сонау 2008 жылдың 24 желтоқсанында Жоғарғы Сот өзінің қаулысымен аудандық әкім­нің 2003 жылдың 13 қара­ша­сында шығарған «Адамов Н.Қ» ШҚ-ның 7,104 гектар жер телімін «МАКО» ШҚ беру туралы ше­шімінің және оны заңдастырған басқа да барлық құжаттардың күшін жою туралы қаулы етті. Мұндай шешімді анау-мынау емес Жоғарғы Сот шығарды ғой, сондықтан да енді бар мәселеге осымен нүкте қойылған шығар деп ойлағанбыз. Жоқ, бұған Павлодар облыстық, әсіресе Железин ауданының сала басшылары пыс­қырып та қарамады. Себебі, бұл дау одан әрі тағы жалғасып, 2010 жылы Павлодар облыстық кас­са­циялық сотына тағы жетті. Бұған дейін қарсы тарап жақтан талай құжат жаңа­дан дайындалып, ескісі бұрма­ла­нып түзетілді. Бірақ, аталған сот  жалғандықты тез аңға­рып, әділдікті ашып берді. Біздің талап арызымыз қана­ғаттанды­рыл­ды. Енді бұл дауға осымен нүкте қойылған шығар дейсіз ғой. Жоқ.
Сонымен Жоғарғы Соттың және Павлодар облыстық соты­ның, яғни екі бірдей сот қаулысы да орындал­мады. Аудан әкімі заң талабына сай оң әрекет жа­са­мады. Железин ауда­нының прокуроры В.Да­вы­денкоға жүгін­ге­ні­міз­бен түк шық­па­ды. Же­ле­зин ауданы жер ко­мис­­сиясының мүше­ле­рі бо­лып табыла­тын, яғни Железин ауда­ны­ның әкімі Ж.Шұғаев, жер қаты­нас­тары бөлімі­нің бастығы П.Лампартер, Михайлов ауылдық округінің әкімі Г.Горячева, аудандық әді­лет басқар­ма­сының бас­ты­ғы В.Гурина және бірқатар сала басшы­ла­ры, неге екені белгісіз, атал­ған жер телімін сот қау­лысына сай «Адамова Н.Қ» шаруа қожалығына, яғни бізге ресімдеуден бас тарт­ты. Содан Жоғарғы Соттың азаматтық және әкімшілік іс бойынша қадағалау алқа­сы­ның соты 2011 жылдың кү­зінде тағы өтті. Оның шығарған шешімінде тайға таңда басқан­дай, Железин аудандық әділет басқарма­сының жер телімін тіркемеуі дұрыс еместігін, «Адамова Н.Қ» шаруа қо­жа­лы­ғына жо­ғарыда аталған жылжы­майтын мүліктер­ді мемлекеттік құқық­тық тіркеу жүргізу үшін мемлекеттік тіркеу органын міндеттеу қажет екендігі қаулы етілді. Біздің, яғни «Адамова Н.Қ» ШҚ өтініші тағы да қана­ғат­тан­дырылды. Алайда, баяғы жартас – сол жартас қал­пын­да тұр. Неліктен Павлодар облы­сында Жоғарғы Соттың қау­лылары орын­далмайды? Об­лыс әкіміне де кірдік. Бас прокуратураға да арыз бердік. Бәріне бардық. Бас­қа енді біздің барар жеріміз қалмады. Не істеу керек, ағайын?
Нәзиза АДАМОВА,
«Адамова Н.Қ» ШҚ жетекшісі.
Павлодар облысы,
Железин ауданы.