16 Қараша, 2012

Үлгі аларлық жақтарымыз мол

472 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Үлгі аларлық жақтарымыз мол

Жұма, 16 қараша 2012 7:25

Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне Қазақстанның қабылдануы еліміздің әлемдік қоғамдастық алдындағы имиджінің қаншалықты деңгейде екенін айғақтап берді.

Қазақстан Конституциясында жазылғандай, біздің еліміз үшін адамның өмірі мен бостандығы, құқығының қорғалуы басты мә­селе болғандықтан, мемлекеттің осы тұрғыда көптеген жұмыстар атқарғаны мәлім. Және бұл бір күндік, бір жылдық қана емес, жылдар бойына үзілместен жасалып келген шаруалар. Осы ретте адам және адам құқықтары жө­ніндегі қаншама заңдар қабыл­дан­ды, халықаралық конвенциялар ратификацияланып, адам құ­қық­тары заңдық негізде қорға­луда.

Жұма, 16 қараша 2012 7:25

Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне Қазақстанның қабылдануы еліміздің әлемдік қоғамдастық алдындағы имиджінің қаншалықты деңгейде екенін айғақтап берді.

Қазақстан Конституциясында жазылғандай, біздің еліміз үшін адамның өмірі мен бостандығы, құқығының қорғалуы басты мә­селе болғандықтан, мемлекеттің осы тұрғыда көптеген жұмыстар атқарғаны мәлім. Және бұл бір күндік, бір жылдық қана емес, жылдар бойына үзілместен жасалып келген шаруалар. Осы ретте адам және адам құқықтары жө­ніндегі қаншама заңдар қабыл­дан­ды, халықаралық конвенциялар ратификацияланып, адам құ­қық­тары заңдық негізде қорға­луда. Ең бастысы, заң адам мен адамның құқығының қорғалуына қызмет етуде.

Жалпы алғанда, азаматтың бірнеше құқығы болады. Олар сая­си, әлеуметтік, мәдени және эко­номикалық деп бөлінеді. Осыларды зерттеп отырсақ, бұлардың қай-қайсысында да Қазақстан же­тістіктері айқын көрінеді. Мәсе­лен, елімізде адам құқықтарының бұзылмауымен арнайы айналысатын Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия және Омбудсмен – Адам құқық­тары жөніндегі уәкіл жұмыс атқарып келеді. Бұларда жалпы азаматтардың құқығынан өзге әйелдер мен балалардың да құ­қығы назарда ұсталады. Ал 20 жыл бұрын мұндай институт бол­маған еді. Біз тәуелсіздік алумен қатар адам құқығы жөнінде үлкен қадамдар жасадық. Әрбір этнос өкілінің өз мәдениеті мен дәс­тү­рін, тілін сақтаудағы мемлекеттік тұрғыдағы оң көзқарастың табылуы барлық елде бірдей емес. Бұл ретте қазақстандық үлгіні әлемге эталон ретінде көрсетуге тұрар­лықтай. Оны халықаралық қоғам­дастық та мойындап отыр.

Еліміздегі әрбір азаматтың құқығы қорғалуы, Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаттағы ұс­танған ашық та мөлдір жұмыс­тарының нәтижесі әркез сарап­шы­лардың назарында. Қазір жа­һанданған ғаламда ешбір елдің ұстанған саясаты жасырын болмай қалды емес пе?! Ал еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі кеңе­сіне сайлануы әлемдік қоғамдас­тықтың Қазақстан тарапынан адам құқығы бойынша атқарып жүрген жұмыстарын оң бағалауы, әрі осындай еліміздегі жақсы­лық­ты жер жүзіндегі барлық мемлекеттерге көрсетудің мүмкіндігі туды деп түсінуіміз абзал.

Қазақстан Еуропадағы қауіп­сіз­дік және ынтымақтастық ұйы­мына жемісті төрағалық атқарып, әлемнің тынысына әсер ететін проблемаларды шешуде өзінің ілкімділігін бір көрсетсе, енді Кеңеске мүше болу арқылы адам құқықтарын қорғаудағы игілік­тер­ді де жария етуге мүмкіндік алды. Шындап келгенде, адам құ­қықтары мәселесінде біздің үлгі аларлық жақтарымыз өте мол.

Әрине, адам құқықтары мәсе­лесі өте маңызды. Бұл жерде то­ғай­дық, бізде тек барлығы тамаша деуге болмайды, бұл – үздіксіз жүріп әрі дамып отыратын үде­ріс. Сондықтан, біздің алдымызда, қазақстандық қоғам алдында адам құқығы жөніндегі заңдық негіздерді әлі де шыңдай түсу міндеті тұр деп білемін.

Айсана СМАН,

заң ғылымдарының докторы,

профессор.

Соңғы жаңалықтар