13 Желтоқсан, 2012

«Бесігіңді түзе!»

862 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Бесігіңді түзе!»

Бейсенбі, 13 желтоқсан 2012 7:26

Осы сөздің түп-төркінін  тағы бір зерделеп көрейікші

Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің «Бесі­гіңді түзе» деген сөзін осы күндері жиі айтатын болдық. Тіпті, мақалға да айналдырып алдық. Бұл бір жағынан жақсылықтың нышаны, екінші жағынан авторын айтпай, өз сөзіндей көсілте беру жазушыға қиянат. Тағы бір меңзейтін мәселе, біз осы сөздің түпкі төркінін көп жағдайда естен шығарып аламыз. Мұхтар Әуезов: «Адамда екі түрлі қылықтың жолы бар: бірі – тіршілік қамы, бірі – адамшылық қамы. Барша дүниедегі пайда-мақтан әуелі басыма болса немесе туысқаныма, ең болмаса, аталасыма болса деп неғұрлым өзіне қарай тартып, талап қылу бұл бір ғана тіршілік қамын көздеген хайуани салахият деп айтылады. Екінші, менен жақсылық тарап, адам баласына әлім келгенше пайдамды тигізсем екен деген жол. Бұл – инсаният, яғни адамдық жолы…

Бұған қарағанда адамды хайуандықтан адамшылыққа кіргізетін – әйел. Адам бала­сының адамшылық жолындағы таппақ тара­қияты (тағылым) әйел халіне жалғасады. Сол себепті, әйелдің басындағы сасық тұман айықпай халыққа адамшылықтың бақытты күні күліп қарамайды. Ал, қазақ, мешел болып қалам демесең, тағылымыңды, бесігіңді түзе! Оны түзеймін десең, әйелдің халін түзе!» дейді.
Көрдіңіз бе, ұлы қаламгердің екі сөзінің арғы жағында қорғасыннан ауыр, алтыннан қымбат құдіреттің жатқанын. Шынында, ке­шегі өтпелі кезең, өлара шақты, бүгінгі нарықты желеу етіп, халықтың көбін ба­зарға апарып тығып, күнкөрістің көзі осы екен деп, отбасындағы ұл-қызынан алшақ­татып жіберудің кесірінен қаншама аналар күйбең күнкөріс көлеңкесінде қалды. Екінші жағынан біраз аналарымыз мансап қуып, бизнесті жағалап, байлық жиямын деп отбасының жылуын соған құрбан етіп алуда. Бұдан ұлттық демография зардап шегіп отырғанын көзіқарақты жұрт сезеді. Ендеше, осы екі көрініс бір арнада то­ғысатын азат қазақ анасының ұлтқа қажет сұлбасын қалыптастырсақ, қане! Бұл Әуезов айтқан әйел халін түзеуге мүмкіндік беріп, жас ұр­пақтың тағылымды, ізетті, инабатты, көкірек керіп, тіл созудан аулақ жүретініне септігін тигізер еді. Ұлтын танып, тілін құрметтеп, халқын қадірлеуге жол ашар еді. Ашкөздікті жойып, адам­шы­лық салтанат құрар еді. Бір сөзбен айт­қан­да, ұлт тағдыры, ұрпақ тағ­дыры ана қолын­да екенін ұғынар едік.

Сүлеймен МӘМЕТ, 
«Егемен Қазақстан».