10 Наурыз, 2010

БОЛАШАҒЫ ЗОР КЕДЕНДІК ОДАҚ

981 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
Елбасының Жолдауы – әр қазақстандық үшін ең маңызды әрі мазмұнды құжат. Биыл аталмыш Жолдау “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүм­кіндіктері” деп аталды. Жаңа Жолдау – жаңа ке­зең­нің бастауы. Өткенді сараптап, бү­гінгі жетістігімізді бағалап, алдағы ел болып атқаратын келелі істерге көз жіберуге мүмкіндік береді. Би­ылғы жылдың ең басты жетістігі – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төр­ағалық ету. Міне, қазақ халқы алдағы жаңа он­жылдықты әлемдік деңгейдегі осындай абыройлы тарихи оқиғамен бастап отыр. Сонымен қатар, биылғы жыл Кеден ода­ғы­на мүше болумен басталды. Қазақстан, Ре­сей және Беларусь Кеден одағына бірігіп, бір­ыңғай экономикалық аймақты құруды көздеп отыр. Бұл Елбасының сауатты сауда саясаты, экономиканың бәсекеге қабі­леттілігін арттыру мәселесін көздеп отырғанының көрсеткіші болмақ. Кеден одағы еліміздің экономикасын да­мы­туға өрлеу бола алады. 2009 жылы кеден ор­ган­дарының күші Кеден одағының норма­тив­тік-құқықтық қорын қалыптастыруға, кеден тәр­тібін оңайлатуға және сыртқы экономи­ка­лық қызметке қатысушылар үшін қолайлы жағ­дайлар жасауға бағытталды. Брюссельде 1999 жылғы 26 маусымда қабылданған Кедендік рә­сімдерді оңайлату мен үйлестіру туралы халық­аралық конвенцияға қосылды. Кеден одағының Кеден кодексі қабылданды. 2010 жылғы 1 қаң­тардан бастап Бірыңғай кедендік тариф күшіне енді. Кеден одағының Кеден кодексі туралы шарт қабылданды. Оны күшіне енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша 16 Халықаралық келісімді және 17 КОК (кеден одағының ко­мис­сиясы) шешімін әзірлеу көзделіп отыр. Кеден одағының Кеден кодексіне қатысушы мем­лекеттердің заңнамасына 182 сілтемелік норма көзделген. Осыған байланысты, қол­да­ныстағы ұлттық кедендік заңнаманы ретке кел­ті­ру талап етіледі. Бұдан басқа, ұлттық кодексті қабылдау, салықпен реттеу, жеке кәсіпкерлік, көлік, ветеринария, денсаулық сақтау, қыл­мыс­тық және әкімшілік қудалау саласындағы заң­на­маларды біркелкі қолдану қажеттілігіне бай­ланысты еліміздің жаңа Кеден кодексін әзірлеу қажет, онда ұлтаралық заңнамамен реттелмеген құқықтық қатынастарды реттеу қажет. Әкім­шілік кедергілерді жою және Қазақстанның кеден­дік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізуді оңайлату мақсатында Қа­зақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті бірқатар шараларды жүзеге асырды. Біріншіден, кеден органдарында автомобиль өткізу пункттерінде бақылау функцияларын (көлік, фитосанитарлық, ветеринарлық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау) беруді көздейтін заң қабылданды. Сондай-ақ, бұл заңда кеден органы беретін құжаттардың санын 3-тен 1-ге дейін қысқарту көзделіп отыр. Екіншіден, зияткерлік меншік нысанына құ­қықты қорғау кезінде, кеден органдарының өкі­леттігін кеңейтуді және кедендік құнды анықтау кезінде қолданылатын ақпараттық анық­тамаларды жоюды көздейтін заң қабылданды. Үшіншіден, шекараның Қазақстан-Ресей, Қытай, Қырғызстан учаскесінде бірлескен ба­қы­лау рәсімі енгізілді. Қазақстан мен ҚХР ара­сындағы “айналық” статистикада көрсеткіш­тер­дің оң динамикасына қол жеткізілді. Соңғы жылдары кеден статистикасы деректерінің ал­шақ­тығы 2006 жылы 1 млрд. 94 млн. АҚШ дол­ларынан 76 млн. АҚШ долларына дейін төмендеді. Төртіншіден, сыртқы экономикалық қыз­метке қатысушылар үшін қолайлы жағдайларды жасау және “Doіng Вusіness” халықаралық рейтингінің көрсеткіштерін жақсарту мақсатында автоматтандырылған тәуекелдерді басқару жүйесі әзірленді және енгізілді. Бесіншіден, “Web-декларант” электронды дек­ларациялау кешені жұмыс істейді. Кедендік ре­­сімдеу үшін СЭҚ-қа қатысушының құжаттар па­­кетін алыс жерден қалыптастыруға мүмкіндігі бар. Алтыншы, “Бірыңғай электронды терезені” жасау бойынша жұмыс жүргізілді. Бизнес-процестер анықталды және осы ақпараттық жүйені жасау тұжырымдамасының жобасы дайындалды. “Бірыңғай терезені” жасау барлық мемлекеттік органдар күштерін шоғырлан­дыру­ды талап етеді. Мүдделі министрліктер мен ведомстволар санын қысқарта отырып рұқсат беретін құжаттарды беру және бақылау меха­низ­мін қайта қарау қажет. Осыған байланысты Үкіметке тұрақты жұмыс істейтін жұмыс тобын құру туралы ұсыныс жолданды. Жоғарыда көрсетілген шаралар бизнестің операциялық шығындарын қысқартуға және кеден рәсімін оңайлатуға жағдай жасайды. Нә­тижесінде, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында жарияланған бизнес-ахуалды жақсарту бойынша тапсырмалары жүзеге асырылады. Кеден одағын құру, әсіресе, экономикалық дағдарыс жағдайында мемлекеттердегі эко­но­ми­калық әлеуетті ескере отырып, Қазақстан, Ресей және Беларусь республикалары арасында бірлескен өндірістерді құру және өзара ин­вестицияларды тарту үшін қолайлы жағдай­лар­ды қамтамасыз ету интеграциялау қажетті­лі­гі­нен туындаған дүние. Қазіргі уақытта Қазақ­станда индустриялық-инновациялық дамудың жедел­детілген бағдарламасы іске асып келе­тін­дігін атап өту керек. Осы мақсатта метал­лур­гиялық, фар­мацевтикалық, химиялық, құрылыс материал­дары басымдықты салалардың бірі болып табылатынын ескеру қажет. Осы мін­дет­ті шешу үшін отандық кәсіпкерлерге техно­ло­гиялық жағынан жаңа алдыңғы қатарлы жаб­дықтарды және арзан шикізатты кеден баж­да­рын төлеусіз алу мүмкіндігін сақтап қалу маңызды. Біз шетел өнімдері басып кетеді деген үрей­ден аулақ болуымыз керек. Өйткені, барлық елге де бәсекеге қабілетті, сапасы жоғары, ба­ғасы қымбат емес, алған өніміне лайықты тауар­лар қажет. Ендеше басқа елдердің тауар­ларымен сапасы жағынан да, бағасы жағынан да бәсекеге түсу біздің тауар өндірушілерді өсіп-жетілуге жетелейді. Біздің отандық өндіру­шілеріміз бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Бір нәр­сені ұғынғанымыз жөн, кедендік одақ мәсе­лесі бір күнде іске асқан жоба емес, осы одаққа кіру үшін барлық жақтан терең талдау жа­са­лынған. Әрине, ешкім Кедендік одақ іске асқан күннен бастап елімізге толағай табыстар келіп, басқа елдермен сыртқы сауда айналымы артады деп айтқан жоқ. Кедендік одақтан Қазақ елі үлкен үміт күтеді. Әрине, әу-бастан кейбір қиын­шылықтарға тап боламыз. Мүмкін біздің өндірушілеріміз табыс көздерін азайтар. Демек, осы Кедендік одақ арқылы көп табысқа жететінімізге сенім білдіремін. Кеден органдарының қызметі еліміздің дамуына үлкен ықпалын тигізеді. Мәселен, 2009 жылы кеден органдары кедендік төлемдер мен салықтардың бюджетке 575,4 млрд.теңге түсуін қамтамасыз етті. Болжамды тапсыр­ма­ның орындалуы 105,5% құрады. Пост кедендік бақылаудың нәтижелері бойынша 95,8 млрд. теңге қосымша есептелінді, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 6,3 есеге көп, 50 млрд. теңге өн­діріп алынды. Құқық қорғау саласында да көптеген жетістіктерге жете білдік. Өткен жылы 969 қылмыстық және 10607 әкімшілік іс қоз­ғалды. Олар бойынша шығындарды өтеу со­ма­сы 5,9 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,3 есеге көп. Есірткі құралдары контрабандасы бойынша 173 факті анықталды. Алынған есірткілердің салмағы 755,8 кг. құрады, соның ішінде героин – 117,9 кг. “Бақылауға алынған жеткізілім” әдісі бойынша 14 жедел іздестіру шаралары өткізілді. Қолданылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі шаралар нәтижелерінде кеден органдары өз күшімен 56% қылмыстық іс қозғады және 79% сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері анықталды. Елбасы Жолдауы жария етілді, оның басты бағыттары мен міндеттері айқындалды. Елбасымыз жүктеген тапсырмаларды орындау баршамыздың міндетіміз. Өйткені, халық болып жұмыла көтеретін жүгіміздің арқауы – осы Жолдау болмақ. Бұл еліміздің дамуындағы нақты істердің жүзеге асуына алып келетін бірден-бір жол екені анық.