08 Қараша, 2012

«Оңтайландырудан» опық жегенбіз

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Оңтайландырудан» опық жегенбіз

300113-36Бейсенбі, 8 қараша 2012 7:13

Соңғы айларда Оңтүстік Қазақстан облысын «оңтайландыру» елесі кезіп жүр. Әлдебір әйдік басшының ба, әлде қосшының ба басынан бұйралана була­нып шыққан бұл идеяның мәнісі неде дейсіздер ғой? «Ауылдардың кітапхана­ла­ры мен мектептердің кітапханаларын қосып, қаржы үнемдеу керек. Сондай-ақ Ыбырай Алтынсарин атындағы об­лыстық балалар кітапханасы мен Қай­рат Рысқұлбеков атындағы облыстық жас­өспірімдер кітапханасын қосса, қы­руар қаражат үнемделеді», – деп жалғасады.

Бейсенбі, 8 қараша 2012 7:13

Мінекейіңіз, ұлысыңыздың, ұлты­ңыз­­­­­дың ұйытқысы атанған алтын құр­сақты аймағыңызда өзге салаларға емес, өзге­ше рухани уыз саналатын кі­тап­ха­на­лар­ға қауіп төне бастады. Кезінде, осыдан он бес жылдай уақыт бұрын Қажыгел­дин дегеніңіз де осылайша «оң­тайлан­ды­рып», опық жеген­біз. Қан­ша­ма кітап­ха­налар жабылып, кітаптар өртеліп еді. Енді-енді оңалып келе жатқан кі­тап­ха­на­лардың ахуалына алаңдаулымыз, ағайын.
Айналайындар-ау! Айналып келіп кітапханалар мен клубтарға тиісе бермей, басқа салалардағы жебірлердің желіне ұшып, желініп кетіп жатқан миллиардтардан үнемдесек қайтеді?!
Алла сақтағай, әйтеуір.

Мархабат БАЙҒҰТ.

ШЫМКЕНТ.