20 Маусым, 2012

Сынықшы

4565 рет
көрсетілді
30 мин
оқу үшін

Сынықшы

Сәрсенбі, 20 маусым 2012 8:04

Ғылым мен техника қаншама дамыды десек те табиғаттың бізге беймәлім құпиялары әлі де жетерлік. Соның ішінде адамның бойындағы күш-қуатқайнарының түпсізтереңқұпиясытолықашылыпболған емес. Әсіресе, кешегі кеңестік солақай саясаттың дін мен ділден, тілден арамызды алшақтатуы, халықтық медицина жетістіктеріне, көріпкелдік, әулиелік қасиеттерге ескінің қалдығы ретінде қарауға дағдыландырғаны шындық. Таным-сенімнен жұрдай бірнеше буын атеис тұрпақ қалыптасты.

Сәрсенбі, 20 маусым 2012 8:04

Ғылым мен техника қаншама дамыды десек те табиғаттың бізге беймәлім құпиялары әлі де жетерлік. Соның ішінде адамның бойындағы күш-қуатқайнарының түпсізтереңқұпиясытолықашылыпболған емес. Әсіресе, кешегі кеңестік солақай саясаттың дін мен ділден, тілден арамызды алшақтатуы, халықтық медицина жетістіктеріне, көріпкелдік, әулиелік қасиеттерге ескінің қалдығы ретінде қарауға дағдыландырғаны шындық. Таным-сенімнен жұрдай бірнеше буын атеис тұрпақ қалыптасты. Алайда, осындай тыйым салуға, тосқауыл қоюға қарамастан, атадан бабаға берілетін емшілік, сынықшылық, ұсталық, зергерлік қасиеттердің жіңішкерседе үзілмей келгенін де ешкім жоққа шығара алмас. Есімі Батыс Қазақстанға кеңінен мәлім сынықшы Сүлеймен Қарабалаұлыосындай киелікісі, әулиеадам. Оныбілетініміз, біздіңбалакезімізденелдеқалыптасқандағдыолкімде-кімбірденемүшесінсындырып, жарақаттапалса, ғаріпболыпқалса, малекешмалдамертігіпқалғандайжағдайболса: «Сүлейменатағасиындымаекен», дегенқасиеттіұғым, бұлжымасдағдыболатын.

Тосын жайға тап болғандардың «атамның аруағының арқасында аман қалдық» деп жүргендерін де естігенбіз. Ойпырмай, мұндай да құдірет болады екен-ау деп іштей ойланатынбыз. Әри­не, іш­тей күдіктің де қылаң беріп қала­тыны жасырын емес. Себебі, де бел­гілі. Құдай жоқ, құдіреттің бәрі ғы­лым мен білімнің, техника мен тех­но­ло­гияның қолында деп өскен ұрпақтың бұлайша топшылауы да заңды. Топшылауы деп отырғанымыз, біз өзіміз сынықшы Сү­лейменді көрген жоқпыз. Бір ақи­қаты – сынықшы Сүлеймен сол тоталитарлық кезеңде де адамдардың аузынан түс­педі, халықтың құрметіне бөленді. Ал, кейін өзі өмірден өткен­нен кейін 90 және 100 жылдығы аталып, ол кісінің ерекше сынықшылық қасиеті туралы ашық айтыла бастады. Сонда барып сынықшы Сүлейменнің кім екеніне көз жетті, көңіл сенді. Сол әңгімелердің ауанынан аңғарылатыны Сүлеймен Қара­балаұлы қасиет қонған сынықшы ғана емес, көріпкелдігі бар киелі адам.

Сонымен, біз әңгімелегелі отырған Сүлеймен кім және туа бітті сынық­шылық қасиет қайдан тамыр тартады?  Енді осы төңіректе ой өрбітелік. Мұн­дай дерек пен дәйектерді сынықшы Сүлей­меннің жүз жылдығы қарса­ңын­да оның ұлы, Марат Оспанов атындағы мемлекеттік медицина университетінің кафедра меңгерушісі, тарих ғылымда­рының кандидаты Базарбай Сүлеймен­ұлы құрастырған «Әкем туралы ақиқат пен аңыз» атты естелік кітаптан молынан кездестіруге болады. Осы кітап­тағы естеліктерді сан қайталап оқыға­нымызды місе тұтпай, сынықшының үлкен ұлы Базарбайдың өзімен кез­десіп, әңгімелесуді жөн көрдік. Қашан да салмақты қалпынан айнымайтын азамат бізді жылы қарсы алды.

Кезінде әкеміздің сынықшылық қа­сиетін білгенімізбен көп нәрсені тәп­тіштеп сұрап, хатқа түсіріп алуды ойламаппыз. Кейін тоқсан жылдығы аталып өтер кезде көзін көргендер әкем туралы кітап шығару туралы ой тастады. Сол кезде шығарылған дүние ғой деп біздің қолымыздағы кітапқа көз қиығын жүгіртті. Әңгіме желісі Сү­леймен атаның өміріне ауысқанда ғана өзі білетін жәйттерді жүйелей әң­гімеледі.

– Менің арғы атам Қалабай да, өз атам Қарабала да шипасы халқына тиген сынықшы, аруақты адамдар бол­ған. Әріден жеткен әңгімелерді тірілт­сек, атам Қалабайдың төсінде мүйізі ме, сүйелі ме болған. Сол мүйізіне кіш­кене кәрі жылан оралып жатқан деседі. Керегеде қара домбырасы ілулі тұрады екен, сол домбырасы біреу ауырып келе жатқанда дыбыс шығарып білдіреді екен. Атамыз жайлауға көшкенде өзі үлкен ақ ордасын арбаға тігіп, ал ұлдары киіз үйлерін екі қанатына тігеді екен. Сырқат адамдар атамыздың ақ ордасының сыртына келіп түнесе жазылып кетеді дегенді көнекөз қарт­тардан естіп өстік. Сынықтан басқа ауруларға да шипасы тиген. Сол сияқ­ты Қарабала атамыз да үлкен сы­нықшы, қасиетті адам болған деседі, бірақ атамыз дүниеден ертерек өтсе керек. Әкеміз жетім қалып, Ойылдағы Микол деген байдың бұзауын баққанда жеті жасар бала екен, – дейді Базарбай ағамыз өткенді есінде тағы бір жаң­ғыртып.

Сүлеймен Қарабалаұлының арғы аталары қазіргі Атырау облысының Қызылқоға, Жылой, Миялы деген жерлерін жайлаған. Кейін 1880-1890 жылдары Ойыл ауданының Қаратал, Ақмешіт деген жерлеріне қоныс аудар­ған сыңайлы. Сондықтан да Сүлеймен Қарабалаұлы 1907 жылы қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданында дүниеге келген деген бір дерек бар. Ал, 1987 жылы тоқсаннан асып қайтыс болған Бәтима Дүйсенқызының айтуынша, Қаратал ауылының батысында Ойыл өзенінің арғы бетіндегі Ақмешіт деген жерде өмірге келген. Ақмешіт те әулие жерленген киелі жер көрінеді. Қарабаланың балалары тұрмағандық­тан Сүлеймен ата дүниеге келгенде оны жерошақтың және жеті әйелдің бұтынан өткізіп қазақы ырым жасап­ты-мыс. Ал Қызылқоға ауданында дү­ниеге келген дегенге келсек, сол уа­қытта ол жерлер Ойыл ауданына қа­раған болуы керек. Ақтөбе энцикло­педиясының 496-бетінде (Ақтөбе, 2001 жыл) осы киелі адам туралы «Сү­леймен Қарабалаұлы – белгілі емші-сынықшы. Әулие атанған, тұрғылықты жерде халықтық дәстүрлі медицинаны кеңінен өрістетіп, нәтижелі ем жасаған, республикамыздың батыс өңірі ерекше құрмет тұтады» деген бір ауыз ғана дерек бар.

Жалпы шежірені таратып айтқанда Қалабайдың алты баласы болған, Қа­рабаладан Құрманша, Сүлеймен, Ғаб­бас деген қыз-ұлдары тарайды, Сү­лей­мен қожа таз руының ауқатты адамы Бытық дегеннің Ұштап атты қызына үйленеді. Олардан Шарипа, Айсұлу, Қалимаш, Тойлаш, Базар­бай, Сапар, Балдай, Жандай, Саламат деген ұл-қыз­дары өрбиді. Дүниеден озған Айсұлу, Құлжабай, Балдайдан басқалары тірі, ұрпақ өсіріп, өсіп-өніп ата аруағына кір келтірмей өмір кешуде. Ұштап көз көргендердің айтуынша, сынықшы Сү­лейменнің басына қара бұлт төніп тағ­дыры талқыға түскенде де, соғыстан кейінгі ауыртпалықты жыл­дарда да, жолдасы төсек тартып жатқанда да қиындықтарға мойымай, әулиенің жары деген атаққа сай ке­лімді-кетімді қонағына дастарқанын жайып, ықылас-ниетін ізгілікке ба­ғыш­таған жан болыпты. 1997 жылы әулиеден кейін 27 жыл өмір сүріп, балалары мен немерелерінің қызығын көріп дүние салған.

Сүлеймен атаның өмір жолы да тақтайдай тегіс болмаған. Еліміздегі қоғамдық өзгерістердің теперішін бір кісідей-ақ көрген. Отызыншы жылдары жас жігіт Сүлеймен де кеңестік құрылысқа араласады, алғашқыда ха­лық милициясы құрамында болады. Кейіннен комсомолға кіруге келгенде одан бас тартса керек, сонан соң оны милиция құрамынан шығарып жібе­реді. Мүмкін кеңестік айда шап баске­серлікті ұнатпады, болмаса, бойындағы ерекше көріпкелдік қасиет бірдеңені сездірді, әйтеуір, бұл жағы белгісіз. Мі­не, осы бір оқиға жаппай қуғын-сүргін кезінде қасиетті жанның басына бәле болып жабысады. Оған сәл кейінірек ораламыз.

– Қазақ сынған, шыққан сүйекті салуға машықтанғандарды оташы, сы­нықшы деп атаған. Қазақта ондайлар аз болмаған. Әртүрлі барымта-сырымталарда, ұрыс-қақтығыстарда, ат шабыстарында және қазақ тұрмысына тән басқа да жағдайларда жарақаттану жиі кездесетіндіктен сынықшылық кең тараған болуы керек. Қазақ сынық­шылары туралы орыс зерттеушілері А.Левшин, А. Ягмин, Н. Зеланд, А. Алектеров, В. Ненецкий және басқалары тамсана жазған, қанмен бітетін құді­ретті қасиетке таңқалған. Қазақтың халық медицинасының әлі де болса құпиялары көп, ғылымда белгісіз жақ­тары мол. Кеңестік кезеңде бұл мәсе­лені зерттеу партиялық идеоло­гияға қайшы келеді деген желеумен тоқырап қалды. Мұның есесін енді толтырар кез келді. Еліміздің ғылымы мен медицинасы халықтық сынықшы­лық, ем­шілік қасиеттерді жан-жақты зерттеуге ден қояды деп ойлаймын, – дейді Базарбай бауырымыз.

Бұл кісіге сынықшылық киелі қа­сиет 25 жасында қонған. Бір ғажабы, ол сынықты ұстап салмаған, сүйегі сынған адамның жас ерекшелігін, ден­саулығын ескеретін болуы керек, бәлен күнде жазылып кетесің деп серттеп, тәртіп беретін болған және сол талабын орындамаған адамдарға қайтып менің алдыма келмеңіз деп ескертеді екен. Әсіресе, жарақаттанған адамның отбасында ұрыс-керіс болмауын, тары жемеуін, «ащы» судан ұрттамауын қа­дап тапсыратын көрінеді. Соған қарағанда, өте қуатты тағам сү­йек­тің бітіп кетуіне кедергі болатынға ұқсайды.

Комсомолға өтпей, милиция қата­рынан шыққаны бар, оған қосымша елдегі аурулар дәрігерлерден гөрі ем­ші-сынықшы Сүлейменді қолай көреді деген ұзынқұлақтан жеткен өсек бар, әйтеуір қуғын-сүргін құрығына бұл кісі де ілігеді. 1937 жылы оны бауыры Қанапиямен бірге жазықсыз жала жауып, отыздан астам ойылдық азаматтармен 150 шақырым жердегі Шұбарқұ­дық стансасына дейін жаяу айдап, кейін оларды Ақтөбе қаласы маңын­дағы Түйетөбеде атқан. Қазақта «Қы­рық жыл қырғын болса да, ажалды өледі» деген сөз бар. Осы қан-қасапта Сүлеймен Қарабалаұлы ғайыптан атылудан аман қалады, қатаң тәртіппен жазаланып, Свердлов жақта 10 жыл жазасын өтейді, сол жерде соғыс аяқ­талғанша ауыр жұмыстарға жегіліп, азап­ты күндерді бастан кешеді. Ату жазасынан қалай аман қалды, кейін тексергенде ағасы Қанапияның ату жазасына кесілгендігі жөніндегі ісі ҰҚК-де сақталса да, ол кісінің ісі табылмауы қалай? Бұл да құпиясын ішіне бүккен бір жұмбақ жай.

Сүлеймен атаның осы бір айдау­дағы кезеңі жайында ойылдық Айса Суқашев мынадай естелік жазып қалдырған. Бірде: «Жиен аға, 10 жыл түрмеде отырып келіпсіз, әулиеліктің арқасында көп бейнет көрмеген боларсыз», деп естіген бір әңгіменің шетін қозғап едім. Ол кісі біреуден естіген дәл болмайды, сұрап қалдың ғой, өз аузымнан есті деді.

«Сүлеймен деген әулие шықты, адамдар дәрігерге көрінуді қойды, емханаға науқастар аз келетін болып барады деген желеумен мені тұтқын­дап, 10 жылға соттады. Қазақша айт­қан­да итжеккенге айдалдым. Тайгада лагерьде болып ағаш кестік, сөйтіп жүргенде соғыс басталып кетті, көзі ашық адамдар майданға жіберуді өтініп арыздар беріп жатты. Лагерьдің басшылары өз жұмыстарымен болып, сауық-сайран құратынды шығарды. Бірде біреуінің туған күнін тойлап ат жарыс жасады. Лагерь ат жарыс өт­кізуге қолайлы, себебі лагерь іші жа­зық дала. Лагерь бастығының аты кесілген ағаш түбіріне сүрініп құлап, ат үстіндегі бастықтың аяғы сынып, қатты жарақат алды. Сынық жанына батып шыдай алмай жатыр деген хабар маған да жетті. Лагерь бастығына жаным қатты ашыды, адам баласы ғой, аяп кеттім, денем құрысып, аруағым ұстап, қол ұшымды бергім келді де тұрды. Комиссар сасқалақтап, не істерін білмей, жоғарыға хабарлауға үлкен бастықтан именіп отырыпты. Менің түр-түсімді көрген бір оқыған азамат: «Сізде өзгеріс бар ғой, ол не нәрсе?» деп сұрады. Мен сынықшы екенімді айтып, ауырып жатқан адамға жәрдем бергім келетінін білдірдім. Ол адам мені дереу ертіп алып, комиссарға келіп істі баяндады. Не істерін білмей сасып отырған комиссар зарлап жатқан адамға алып келді. Мен аяғы сынып жатқан адамның үстінен қолымды жайлап жүргізіп өттім. Сынықтың сытыр-сытыр етіп орнына түсіп жатқаны маған естіліп тұрды. Бүкіл дененің үстіне қолымды жүргізіп болғаннан кейін жасы нешеде деп сұрадым. Олар маған жасын айтты, дұрыс жазылып шықсын десеңдер пәлен күн жатсын дедім. Ол қазір ұйықтайды деп, өзі оянғанша тұрғызбауларын ескертіп кет­тім. Аяғы сынған адам бір тәулік ұйықтапты және мен жазылдым, тұра­мын десе керек. Комиссар менің тапсырмам бойынша тұрғызбапты. Лагерь бастығы құлан-таза жазылды. Бір күні шақырып жатыр деген соң, кабинетіне барсам, комиссар екеуі отыр екен. Мен ол кезде суырылып сөйлемегенмен, орысшаны жақсы түсі­немін. Дегенмен, олар мені алғашқыда ертіп апарған сауатты азаматты да алдырды. Лагерь бастығы не тілегің бар, соны айт, не айтсаң да қолдан келетінді жасаймын деді. Мен сотталып жүрсем де елдің азаматымын ғой, Отанды қор­ғағым келеді дедім. «Майданға жібере алмаймын, қаңғырған оқ тиіп өліп кетсең, мен сенің семьяңның алдында кінәлі боламын. Егер қаласаң, менің қолым­нан сені босату келеді», деді. Мен сотталған мерзімім бітпей түрме­ден кетпеймін, себебі босап елге бар­ғаным­мен әулиелігің арқасында келдің деп қайта соттап жіберуі мүмкін дедім. Сонымен, оның маған жасаған жақсы­лығы лагерьдің ішінде еркін жүретін болдым. Мені десятник сияқты жұмыс­қа тағайындап, еңбекақы есептеп отырды. Мерзімім бітіп босағанда сол ақшаны қолыма берді», деп аяқтады сынықшы аға әңгімесін» деп жазады Айса Суқашев. Артық сөзі жоқ, сыпайы, кісіге жылы шырай беріп тұра­тын сынықшы Сүлейменнің, көп жылдар партия-кеңес қызметінде болған марқұм Айса Суқашевтің де артық сөзге бармайтын, өтірік-өсекке жоламайтын таза да имандылығы мол жандар екенін ескерер болсақ, бұл әңгі­менің шын екеніне шүбә жоқ.

Сүлеймен атаның тағы бір жерлесі марқұм Түрікпен Сұлтанов: «…Бірінші хатшы Байсалбай Жолмырзаев Сүлей­мен туралы арнайы хат жазып, Мәс­кеуге жолдайды. Осы хабар бойынша, бір күні бір профессор келеді. Бірнеше адам жиналып, Сүлеймен ағайға ертіп бардық. Үйінің қасында екі баспақ жайылып жүрген-ді. Профессор екеуін де жардан итергізді. Сүлеймен ағай екеуінің де аяқтары сынғанын анықтап, жігіттерін шақырып, дереу шен сал­ғызды. Шай ішіп, тамақ жеп далаға шыққан қонақтар манағы екі баспақ­тың түк болмағандай жайылып жүр­генін көреді. Мәскеуден келген профессор «фельдшер-сынықшы» деген құжат беріп аттанған-ды» депті естелігінде. Бұл кісі де көп жылдар ішкі істер саласында абыройлы қызмет еткен. Бөгде сөзбен беделін былғамайтын адам. Яғни, «халық айтса, қалт айтпайды» дегендей сынықшының кереметтігін тамсана әңгімелейтіндер қатары мол. Мұның өзі ол кісінің қасиет дарыған жан екеніне иландыра түседі (Б.Сү­лей­менов. «Әкем туралы ақиқат пен аңыз», Ақтөбе, 2007 жыл).

– Әкем сүйегі сынған, жарақат­тан­ған адамның өзі немесе хабаршысы келе жатқанда іштей сезініп, дегбірсіз­деніп отыратын. Айтқандайын-ақ, ол кісі мазасызданса осындай жағдай болатын. Келген адамға мерзімін серттеп, отбасында ұрыс-керіс болмауын, тары жемеуін қадап тапсыратын, арақ іш­пеуін міндеттейтін. Ол кісінің ерекше бір қасиеті адамның, жан-жануардың сынығын салғанда қолымен ұстамай, кейде назарын да салмай-ақ сынық сүйектерді жіптіктей етіп орнына түсіріп, сауықтырып жіберетіні дер едім. Жалпы үйде өте сабырлы, жайлы болды, балалары біздерге дейін қатты сөйлемейтін. Айдаудан кейін суармада звено жетекшісі болып 23 жыл абыройлы жұмыс істеді, басшылар да, басқалар да ол кісімен санасып отыратын. Адал, еңбекқор адам болды. Бізді де солай тәрбиеледі. Бір қызығы, бау-бақша өнімдері біздің жақта жеңсік қой, соған қарамастан, оның бақша­лығына ешкім тиіспейді екен. Ал, өзі қолы ашық болды, бақша өнімдері піскен соң ауыл-аймаққа ауыз тигізіп риза болатын, бақшалыққа келген­дердің қолын қақпайтын, – дейді Базарбай ағамыз әкесін бір сәт еске алып.

Осы бір жаны таза әулие кісінің көзін көргендер оның сынықшылық және көріпкелдік қасиетін аңызға бергісіз қылып еске алады. Ойылдық Сара Тұрғамбекова өзінің әкесі Сү­лейменмен құрдас болғанын, бірде алыстан қолын көтеріп амандасып өте шыққанын, үйге келген соң кенеттен оң қолын абайсызда шығарып алғанын айтады. Жаны мұрнының ұшына келген әкесі қызын сол кезде ауруханада жатқан сынықшы құрдасына жұм­сай­ды. Алайда, оны өзі келсін деп қай­тарып жібереді. Сара апай Сүлей­меннің әкесіне қалжыңдап, «Қалай, жүре амандасқан, аурудың халін сау білмес болар ма» «көтер қолыңды» деп бұйырғанын өз құлағымен естіген. Әкесі қолын көтерген бойда сырт етіп орнына түседі. Мұны әулиелік, кие­лілік демеуге бола ма.

– 1976 жылы қалаға көшіп келдім. Балаларыма Сүлеймен ата туралы білетінімді айтып отыратынмын. Әлі­бек деген ұлыма жылап болмаған соң мотоцикл сатып алып берген едім.Сол бала көшеде екі машинаның арасында қалып қойып, тобығы екі жерден сынды, сүйегі күл-талқан болды. Қатар­дағы дәрігерлер оны емдеуге жү­рек­сініп, ғылым докторы, атақты хирургті шақырады. Мен ол кісінің аты-жөнін қазір ұмытып қалдым. Ол кісі опера­ция­дан шығып, бізге былай деді.

– Мен осы мамандықта отыз жылдай қызмет жасадым. Бүгін өмірімде бол­ма­ған жағдайға кездестім. Майда сүйек­терді ұстасам болды, олар орындарына өз-өзінен сатырлап түсе береді. Мұндай ғажап жағдайға ерекше таңқалдым, – деді. Кейін балам: «Жығыл­ғанда, Сү­леймен ата, сақтай гөр, дедім. Сосын­ғысын білмеймін», – деді. Сүлей­мен ата­ның жерлесі Ерген Өтеп­бер­генов осылайша еске алады ол кісіні.

Мотоциклмен машинаға соқтығы­сып жарақаттанған екі адамның сы­нықшы Сүлейменге сыйынғаны, жиырма екі күнде аяғына тұрып жүріп кеткені де, ал дәрігерге барғаны, алты ай ауруханада жатып шыққаны да аңызға бергісіз әңгіме арқауы. Ұлы Отан со­ғысынан бұрын жіліншігі сынып, шор боп біткеніне алты жыл болған аты­раулық азаматтың сынған жілін­шігін итбалықтың майымен сылап, он күн бойы емдеп, сынған сүйектерін орын-орындарына салып, ай бойы тө­секте жатуға кеңес береді. Келесі жылы сол азамат аяғын тік басып, Сү­леймен атаға алғысын жаудырып кете­ді. Ал, туған келіні, мотоциклден құ­лап, мойын омыртқасы сынған қы­зылқоғалық жеті жасар баланың ата­ның құлпы­тасын құшақтап жылап «Атеке, маған көмектесші» деп сиынып үш рет кел­генін, соңғы келгенінде басының жақ­сарғанын, қолымен кесені ұстайтынын, аяғын тіреп басуға жара­ғанын айтып, атасының аруағына риза болып ат­танғанын ұмытпайды. Біздің келтіріп отырғанымыз сынықшы Сү­лей­меннің шапағаты тиіп, алған жа­рақаттан, зақым­данған сүйектерінің жазылып кеткендерінің мыңнан бірер мысалдары ғана. Ауыл арасындағы сүйектері сынған, қолы, тобығы шы­ғып кеткен­дерді емдеп жазғаны қан­шама. Ал, сиыры, аты мертіккенде де қатарға қосып жібергендері де жетер­лік. Сондықтан болар оның сынықты салу қасиетіне мынау деген дәрігер­лердің өзі таңқалады екен. Бұны біз әңгімелес­кен­дердің бәрі айтады. Сы­нықшының атақ-даңқ, байлық қума­ғанына тағы бір дәлел ол кісі қазіргі қайткенде де өзін жарнамалауға құмар емшілер сияқты алдына келіп жазылып кеткендердің тізімін алып, тілегін жаздырып, хаттап отыруға құлықты болмапты. Және оны қажет деп санамаса да керек. Бұл да қасиет қонған жанның қарапайым­ды­лығы, адалдығы, адам­гер­шілігі екені сөзсіз.

Философия ғылымдарының докторы, ҚР әлеуметтік ғылымдар академия­сының академигі Алтай Тайжанов атаның ғылымда әлі зерттелмеген ерекше қабілетінің болғанына тоқтала келіп, «…Бірақ, өкінішке орай, кезінде де, қазіргі уақытта да ешқандай ғы­лым-білімнің күші келмейтін, жараты­лыстың құдіретімен табиғи бойға біт­кен өзгеше қасиетті мұндай кісілердің «құпиясын» зерттеу елімізде әлі қолға алынған жоқ. Алайда, ондай зерттеулерге деген ұмтылыс әлемдік практикада бар. Бұл мәселе, оларда бірде жалпы тіршілік иелерінің мәңгілік өмір сыры туралы болса, бірде өмір мен өлім диалектикасы, өлім даналығы – танатасофия бағытында қарастырылуда. Әйгілі американдық фантаст Артур Клари 2090 жылы адамзат қартаю процесін тоқтататынына сенімді. Ал, Сүлеймен ата сынды күрделі тұлғаларды тану үшін біздің бұрынғы идеализм тұрғы­сынан таныған философиялық жүйеміз де, таным процесіндегі әдістеріміз де таршылық етері сөзсіз. Ендеше бұл мәселеде де жаңа бағыт, жаңаша та­ным-түсінікке ойысуымыз керек, деп тұжырымдайды (А.Тайжанов, Сүлей­мен ата: қасиет пен қабілет. Облыстық «Ақтөбе» газеті. 13 қыр­күйек 2007 жыл.)

Сынықшы Сүлеймен адал, кісіге жылы шырай танытып тұратын мейір­бан адам болған. Оның көзі өткір, адамға назары түссе, ішіңдегіні көріп отырғандай әсер ететін, сондықтан көбіне кісіге тесіліп қарамайды екен.

Сынықты салып, ауруды емдегені үшін берген адамдардың орамалын сол ауылдағы тұрмысы төмен отбасыларына, болмаса, қасында отырғандарға үлестіріп беріп жүре беретін көрінеді. Атаның сынықшылығынан басқа көріпкелдігі де керемет. Ол жәйлі де көптеген деректер келтіруге болады.Оның тұсынан өтіп бара жатқан ма­шинаның кенеттен тұрып қалуы, өзі отырған соң жүріп кетуі адам сенгісіз шындық. Өз ауылының танымал жыл­қышысына «сен, атқа мінуді қой, ажа­лың аттан болады деуі және сол айт­қанының айдай келуі, аяғы сынған жігітке арағыңды қоймасаң сүрінді­ремін деуі, оның шыдамсыздық танытып ақаңды бастап кетуі, бітіп қалған аяқ сүйегінің қайта ауырып, сүрініп үйіне әрең жетуі, содан кейін сы­нықшыдан кешірім сұрап, ащы сумен өз еркімен қоштасуы ғажап емес деп көр. Сынықшы Сүлеймен төсек тартып жатып, өзінің қашан өмірден озатынын да болжап кетіпті. Сондай-ақ, алда-жалда о дүниелік болсам, бейітімді төрт құлақты қылыңдар деп тапсырыпты. Қауымнан елу метрдей жерге, жалғыз теректің жанына бір бөлмелі үй тұрғызыңдар, ішіне киіз жайып, шам қойыңдар деп өсиет етіпті. Ұрпақтары осы өсиеттерінің бәрін орындады.

Атадан балаға жалғасып келе жат­қан сынықшылық кейінгі ұрпақ­тарына қон­ды ма дегенге келсек, қанмен бері­летін қасиет үзілмек емес. Сүле­кеңнің қызы Шәрипа да осындай қа­сиетке ие. Ал, Базарбайдың ұлы Аян жоғары білімді травматолог дәрігер. Қазір сү­йектері сынған адамдарға медици­налық көмегін көрсетіп келеді. Шыны керек, атасының аруағы қолдап жүрген болар, қолы шипалы, салған сүйектері тез жетіліп, жерлестерінің алғысына бөленуде.

Сынықшы Сүлеймен туралы жазбақ болып, біз де Қараталға барып, атаның қара шаңырағын ұстап отырған Сапар­дың отбасында болып әңгімелестік.

– Түнемелік үйге бас-көз болып қоямыз. Келімді-кетімді ауруларға жөн сілтейміз. Басқалай көп араласпаймыз. Әкем үйге жайлы, ашу шақырмайтын, еңбектің адамы болды. Ол сынық­шылықты нәсіп етуден аулақ болды, қайта ауруға шипам тисе, алғысын алсам, батасын берсе, болғаны деп отыратын, дейді Қараталдағы қара ша­ңырақты ұстап отырған Сапар. Бұл пікірді жиені Мыңжасар Рабаевтың да аузынан естідік. Жан-жағына шуағын шашып жүретін қасиетті қарт жайлы кімнен сұрасаң да осындай ой түйеді, қайырымдылығы мен кісілігін бірінші ауызға алады. Мұның өзі де кі­шіпейілділіктің, адами имандылықтың белгісі. Бұл үйді Сүлекең өз қолымен тұрғызғандықтан алыс-жақындағы ұр­пақтарына өте ыстық, сондықтан мұн­да ат басын бұрғандары осында жиналуы бұлжымас қағида. Біз де ауылдың сыртындағы ата басына барып, құран бағыштадық. Осында бет алғанымызда жолбасшымыз қазіргі аудандық мәс­лихаттың бөлім бастығы Бөкен Жантолы: «Бір ғажабы Сүлекеңнің қара­пайымдылығы ғой, қаншалықты халқы ұлықтап, құрметтегенмен бе­йітін де ешкімнен ерекшелендірмеуді тапсырыпты, ал, қабірінің үстіне өзі шыққан қарағашты көрсеңіз еріксіз таңда­на­сыз», деген еді. Айтқандай-ақ, төрт құ­лақты бәйітті көмкеріп ағаш өсіп тұр.

Аруақты атаның түнемелік үйінің жанынан тағы бір жаңа үй тұрғы­зылыпты. Бұл сынықшы Сүлейменнің басына зиярат етіп, ауруына шипа із­деп сиынып келушілердің қатары кө­беймесе, азаймағанын ескергендік екен. Батыс Қазақстанды былай қой­ғанда, еліміздің түкпір-түкпірінен, тіп­­ті Ресейден де сыйынып келушілер бар көрінеді. Міне, «жақсының өзі өлсе де, аты өлмейді» дегенді осындайда айтса керек. Сынықшылы­ғы­мен, әулие-кө­ріп­келдігімен көптің кө­ңілінде қалған жанның қасиетті адам екендігіне бұдан артық қандай дәлел керек. Біздің өңір­де бір жері сынған, мертіккен адамның аузына «Сүлекеме си­ын­дым»деген сөз түсетіні қа­лып­тасқан дағды. Бұл кешегі кеңестік кезеңнің құрсаулы саясат ұстанған кезінде де тоқтаған емес, қазір де жалғасуда. Халық қадірлейтін, қасиет тұтатын сы­нықшы Сүлейменнің әзірге бізге мәлім кейбір қырлары осындай. Бұл құпиясы бойында кеткен әулие адам екенінде сөз жоқ. Мұндай қа­сиеттер екінің біріне қона да бер­мейді Сондықтан да Сүлейменді елі­міз­дің батыс өңірінің халқы сынықшы ғана емес, көріпкел әулие адам деп пір тұтады.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ақтөбе облысы.