Өйткені біріне сауатты кадрлар жетіспесе, екіншілеріне қаржы тапшы, үшіншілері жасаған бұйымдарын сата алмайды. Жақында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Әйелдер кәсіпкерлігі қолдау қорының бастамасына жергілікті дизайнерлер үн қосты. «ALTYN OIMAQ» байқауына қатысу жергілікті дизайнерлерге кәсіби мамандар ортасымен танысуға жодама береді, егер жеңімпаз бола қалған жағдайда қолына тиетін 1 миллион теңге тағы бар. Ол кәсібін, шығармашылығын дамытуға түрткі болады.
«Бұл байқау біз үшін үлкен оқиға десе болады. Тігін дизайнерлері мен тігіншілердің проблемалары жетерлік. Тігін құралдары мен маталар, білікті тігіншілер жетпейді, жарнама беру де қиын. «ALTYN OIMAQ» байқауы осы мәселелердің шешімін табуына, біз «made in Kazakhstan» брендімен киім киюімізге жасалған алғашқы қадам деп білемін» дейді 27 жылдан бері осы саланың ыстық-суығына күйіп жүрген Мәлика Төлемісова.
Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Мұрат Әбенов салалық қауымдастықтардың құрылуы көптеген проблемалардың шешімін табуына көмек болатынын айтады. Облыста бүгінде құрылысшылар, туристік, ресторандық және қонақ үй бизнесі өкілдерінің қауымдастығы табысты жұмыс істеп жатыр. Ол тігін саласы кәсіпкерлері қауымастыққа бірігіп жатса тек көмек беретінін мәлімдеді.
Облыстағы дизайнерлер кеңесе келе «ALTYN OIMAQ» байқауына облыстан 8 дизайнердің қатысуы керек деп шешті.