09 Мамыр, 2012

Есімі ел есінде

307 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Есімі ел есінде

Сәрсенбі, 9 мамыр 2012 7:14

Есов Уәлиахмет Шакенұлы 1922 жылдың 26 желтоқсанында Қоста­­­най жерінде өмірге келді. Ел басына төнген үлкен ауыртпалық сын сағаты – Ұлы Отан соғысы бастал­ғанда Уәлиахмет жүрек қалауымен туған елін қорғауға тілек білдіреді.

1942-1945 жылдары Ұлы Отан соғысының қанды шайқастарына қатысып, елі мен жері үшін жан аямай күрескен. Уәлиахмет Шәкен­ұлы соғыстың ең ауыр шайқастары – Курск иінінде, сонымен қатар Украина, Чехословакияны азат етуге өзінің ерлігімен атсалысты. Оның Отан алдындағы қаһарман­дық ерлігі 19 орден мен медальдармен, оның ішінде «Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз», екі «Даңқ», т.б. ордендермен марапатталды.

Аман-есен елге оралып, жасы ұлғайған кезінде көптеген қатар­лас­тары сияқты С.М.Киров атын­да­ғы Қазақ мемлекеттік универси­те­тінің (қазіргі әл-Фараби) тарих факультетіне түсіп, 1953 жылы үз­дік бітіріп шығады. Жоғары оқуға түспестен бұрын ол университет­тің босатылған студенттік кәсіп­одақ комитетінің төрағасы қызме­тіне сайланған болатын. Уәлиахмет экономист болуды жүрегі қалайды.

Мәскеудегі М.В.Ломоносов ат­ын­дағы университеттің аспирантурасын тәмамдап, экономика ғылым­да­рының кандидаттық ғылыми дә­режесінен диссертация қорғайды. Ол көптеген ғылыми еңбектердің авторы, ғылыми-зерттеу еңбектер­дің өнегелі ұйымдастырушысы, мем­лекеттік ғылыми мекемелердің жауапты қызметінде болды. Қазақ КСР-інің Мемлекеттік жоспарлау комитетінде 20 жылдай қызмет атқарды.

Республикада Уәлиахмет Ша­кенұлының еліне сіңірген өмір жолы ерекше құрметпен аталып өтті. Ол көптеген грамоталардың, Қазақ КСР-інің Жоғары және арнаулы білім министрлігінің, Кәсіподақ және КЛЖО-ның Құрметті грамоталары, КСРО, БХШК-нің дипломы мен медальдардың иегері.

Уәлиахмет Есов қай жерде, қан­дай жұмыс істесе де, әрдайым өз міндетіне ұқыптылығымен, жолдастарымен қарым-қатынаста сыпайы сыйластығымен, ақкөңіл адал пиғылымен, жоғары адамгершілік қасиеттерімен ерекшеленіп, зор құрметке бөленетін, абырой-беделге ие болатын. Ұзақ жылдар бойы жинақтаған мол тәжірибесін, өзінің асқан білімдарлығын, ізгі ақыл-па­расатын қызмет мүддесіне қалт­қы­сыз пайдалану арқасында әріптес­тер арасында үлгі-өнеге болатын.

Ұлы Отан соғысының ардагері Есов Уәлиахмет Шакенұлының ұла­ғатты ісі, өнегелі өмірі егеменді еліміздің дәулетін асыруға үлес қосып жүрген бүгінгі жастарға, келешек ұрпаққа үлгі болатынына күмәніміз жоқ.

Жұбайы Түтенова Дана Бай­ке­рім­қызы инженер-технолог, 40 жыл­­дан астам агрокомплекс саласында еңбек етті. Еңбек ардагері.

Ғалым ҚҰРАШ, журналист.