28 Шілде, 2012

Жиембет би

2810 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін

Жиембет би

Сенбі, 28 шілде 2012 7:45

Асылдың сынығындай тұл­ға­лар қазақ тарихында бар­шы­лық. Қалың жұртының бола­шағына бағыт, бағдар сілтеп, үлгі-өне­ге­сімен өз заманының қайраткер­леріне айналған олар­дың бәрі бірдей түгенделіп болған жоқ. Солардың бірі Жиембеттің батыр, ақын, жыршы, сазгер, әскербасы, Есім ханның бас биі, халқын ойлаған тарихи тұлға болғанын аңыз да, жазба деректер де, шежіре де растайды. Оны орыс елшілері, тарихшы­лары­ның жазба дерек құжатта­рынан да табасың, орыс тіліне аударылған өлең, жырларын оқып тәнті боласың. Жи­­ем­бет­тің ақындық тәсілімен Махамбет жырлады,

Сенбі, 28 шілде 2012 7:45

Асылдың сынығындай тұл­ға­лар қазақ тарихында бар­шы­лық. Қалың жұртының бола­шағына бағыт, бағдар сілтеп, үлгі-өне­ге­сімен өз заманының қайраткер­леріне айналған олар­дың бәрі бірдей түгенделіп болған жоқ. Солардың бірі Жиембеттің батыр, ақын, жыршы, сазгер, әскербасы, Есім ханның бас биі, халқын ойлаған тарихи тұлға болғанын аңыз да, жазба деректер де, шежіре де растайды. Оны орыс елшілері, тарихшы­лары­ның жазба дерек құжатта­рынан да табасың, орыс тіліне аударылған өлең, жырларын оқып тәнті боласың. Жи­­ем­бет­тің ақындық тәсілімен Махамбет жырлады, Олжас жырлады. Жиембет: «Ар­қа­­ға қарай көшер­мін, Алашым ұран десер­мін» – десе, Махамбет: «Атадан туған аруақты ер, Жауды көрсе жапырар, үдей соққан дауылдай» – деп ер­­­ліктің, елдіктің асқақ­ты­ғын танытады.

Әйгілі ғалым Х.Сүйіншә­ли­ев­тің «Қазақ әдебиеті» газетінде 1993 жылы 2 шілдеде жария­лан­ған мақала­сында Жиембет әділ би, шешен жырау, айлалы аруақ­ты батыр ретінде суреттеледі. «Қарасай қолға түсіп қалғанда Жиембет пен қоңырат Алатау батырлардың «Жақсығұл, Жақ­сығұл» деуі тегін емес. Сол үнді естіген бойда Жақсығұл қалмақ батыры Дөкірді құлатады. Жи­ембеттің «Еңсегей бойлы ер Есім» жырында да Жақсығұл Шабайұлы мерген, жүрекжұт­қан батыр деп дәріптеледі.
Есім хан тұсында, яғни 1620, 1627, 1628, 1638 жылдарда қалмақ­тармен болған соғыстар­да Жиембет батыр бастаған сарбаздар ірі жеңіске жетеді» (С.К.Боголявленский, «Материалы по истории калмыков в первой половина ХХЧ11-века», исто­рический записка № 1939. ст.60-72). Автор Жиембеттің жыр толғауларын да атап өтеді.
Әлсіз халықты жаулап, қан­төгіспен байлығын тартып алу, жерін иелену адамзат тарихында қайтала­нып тұратын жәйт. Кі­сі­лік танытып, тыныш өмір сүру пенденің маңдайы­на жазыла бермейді. Соғыс, қақтығыс жүр­ген жерде бықпырт тигендей бү­ліну болады. Бүлінгенді түзей­тін де, жоқты бар ететін де батырлар екеніне Орбұлақ жота­сын­дағы 20 тонналық ескерт­кіш тақта­да­ғы мына жазулар дәлел болған­дай. «Бұл жерде 1643 жылы Сал­қам Жәңгір бастаған қазақ­тың 600 жауынгері ор қазу тәсі­лімен қалмақ­тың 50 мың қолын тоқтатып, оның 10 мыңын жойып жіберген.
Осы кезде бұларға Самар­қан­нан алшын Жалаңтөс баһа­дүр 20 мың қолмен көмекке келіп үлгерді.
Ұлы жеңіске шапырашты Қа­­расай, арғын Ағынтай, тана Жиембет, қаңлы Сарбұқа, найман Көксерек, қырғыз Көтен мен Табай, дулат Жақсығұл, ар­ғын Қом­пай, суан Елтінді батыр, тағы басқа хас батырлар үлес қосты.
Батыр бабалардың аруағына
бас иеміз!
Қазақтың ескерткіштер
қорғау қоғамы»
Қараңыз, ор қазып (окоп) 600 жауынгер он мың адамды жойса, бұл таңданарлық оқиға. Әлемдік соғыс тарихында окоп қазу тәсілін қазақ сарбаздары бастаған сықылды. Ел мен жерді қорғауда Орбұлақ шайқасының тарихи маңызы жоғары болған. Бас­қыншылыққа қарсы жойқын күш көр­сетілген. Бұл соғыстың мән-мағына­сын тарихшылар ор­ыстардың Куликово шайқасы­мен теңестіруі тегін емес.
Ғалым Мамытбек Қалды­ба­ев ақын Қазанғап Байболұлы жаз­ған «Еңсегей бойлы ер Есім», «Төле бидің тарихы» туралы екі дастанын негізге ала отырып, «Төле би» кітабында Орбұлақ соғысына қатысқан бірер адамды атаса, соның бірі Жиембет, ол туралы «Бортұға­лиұлы Жиембет, Алшын дейді, аңғарған», – деп жыр етеді Қа­занғап. Қа­зыбек те оны: «Ор­бұлақ шай­­қа­сына қатысқан да, Ташкент соғысына қатысқан да бір Жиембет екенін, ал оның әйгілі Жиембет жырау екенін, тек Бор­тұғалиұлы емес, Сүйін­шә­лиев­ше («Қазақ әдебиетінің қалып­тасу кезеңдері», 1967, 95-бет) Біртоғашұлы, Мағауинше Бото­ғашұлы аталып жүрген­ді­гіне көз жеткіземіз», – дейді. М.Мағауин «Қо­быз сарыны» (1968, 50-бет) кітабын­да: «Жиембет – «Еңсе­гей бойлы ер Есім» жырының басты кейіп­керінің бірі. Демек, Жиембет Есім ханның да, Сал­қам Жәң­гірдің де әскербасы, сенімді батыры болғанын ыс­пат­тайды. Толып жатқан тарихи деректер мен зерттеуші, тарихшылар Шо­қан Уәлихановтан бас­тап Сүйіншәлиев, Қазыбек бек Та­уа­сарұлы, Ж.Қорғас­бек­те­гі және басқаларының ауыз толтырып атап көрсеткеніндей, тіп­ті алғаш­қы хандық заманын­да­ғы­лардай ерекше дәріптеліп, есімі ғасырдан ғасырға жеткен Жи­ем­беттің ақын­ды­ғы, сазгер­лі­гі өз алдына, Есім ханның он екі биін жұмылдырып, заң шы­ға­руға қатысушы екені анық. Сарбаздарын соғыс өнеріне тәр­биелеу, әсіресе, жекпе-жектегі шеберлік­ті үйретуде де Жием­беттің үлгісі аз болмаған. Со­ғыста жүрексіну намыссыздық, ондайға жанын­дағылар да арланады. «Аулақ жүр қорқақ» деп жерлейді, қылыштың жүзіндей қылпып тұ­ратын жаужүректі ерлерді да­йындау байтақ даланы қорғау­дың қасиетті парызы. Сонда ғана арқалы батырлар қалың қолды жеңіске бастайды. Қазақ­тың әрбір батыры бірінші жерін қорғап, ұлтын сақтауды мақсат етті. Оған тағы бір дә­лел, ба­тырлардың біразы­ның ер­лігін, Орбұлақ шайқасындағы қазақ­тар­дың соғыс ерекшелігін Сібір архивіне тарихи құжаттап жет­кізген елші Григорий Иль­иннің орны бөлек. Онда қазақ-қыр­ғыз­дардың ұлы ханы, орыстар Есім патша деген көреген, айбарлы хан тағында 47 жыл отыр­­­­­ды (1598-1645)» деп жазады.
Бір деректерде Жиембеттің Қазы­ғұрт өңірінде бәйбішесі Есенқызға үйленгені келтіріледі. Жеткілікті қа­лың малы болмады ма, бұл әйтеуір Тәуекел ханға ұнамаса керек. Ханның жел жа­ғынан шыққан жазасыз қалма­сы анық. Қырын көзқарасқа Жиембет өлеңмен жауап береді.
Үш ай болған кезінде,
Қошқар менен бура мас.
Қақ көктемнің кезінде,
Айғыр менен бұқа мас.
Жас болжалы жеткенде,
Қыздар менен жігіт мас –
Сол мастықтың жөнімен
Алдыңа келген мен бір жас, – деуінің шындығы бар. Жиембет одан кейін Ташкент ханы Тұрсынның көте­рілісін басуда да үлкен қызмет атқа­рады. Кіші жүзде еркін билік құрған Жием­беттің бес мың әскері болуы да оның хандық дәуірдің биік тұ­л­ғаларының бірі болғанын дә­лел­дейді. Басқасын айтпағанда «Қа­зақ ССР тарихында» ол – ханнан қорлық көріп, есесі кеткен елдің жоғын жоқтаған ер азамат. Есім өлтірген құлдың құнын дау­лап, ханға қарсы шығатын да, ханды өз қылмысын мойын­дауға мәжбүр еткен де осы Жиембет. «Ешкім жоқ­тап, ешкім құн талап етпейтін құлды өл­тір­ген… Есім Жиембеттен кешірім сұрауға мәжбүр болады» – деп ж­а­зылған «Қазақ ССР тарихында». Мұның өзі айбарлы батыр­дың, әділдігіне дәлел емес пе! 1908 жылы басылып шыққан «Жақсы үгіт» жинағында Жием­беттің ханның жөнсіз істеріне ашынып жазған толғауында:
Есім, сені есірткен,
Есіл де менің кеңесім.
Ес білгенде, Есім хан,
Қолыңа болдым сүйесін,
Қолтығыңа болдым демесін, – деуі Есім ханмен ер жетіп есейгенше жастық шағы бірге өскен деуге негіз бар. Қалмақ­тың ханы Есім ханға сыйға тартқан сұлу қызды жолын тосып алып кеткен Жолымбет ба­тырдың үстемшілігін Есім ке­шір­мей, зындан­ға салып өлтір­мек­ші болады. Соны естіген Жиембет туған інісін құтқа­руға барып:
Әмірің қатты Есім хан,
Бүлік салып бұйырдың.
Басын бер деп батырдың,
Қанын ішіп қанбаққа,
Жанын отқа салмаққа,
Атадан жалғыз мен емес,
Хан ие, ісің жол емес.
Жолбарыстай Жолымбет,
Құрбандыққа қол емес.
Жол тосып алып кетіпті,
Қалмақтан алмақ сыйыңды.
Атасы басқа қалмаққа,
Жақпақ ойың қиын-ды.
Қаһарыңды басқалы,
Қалың елім жиылды.
Бастап келген өзге емес,
Жиембет сынды биің-ді.
Малын салып алдына,
Әр саладан құйылды.
Он екі ата байұлы,
Бір тәңірге сыйынды, – деп ханды сөзге тоқтатып, сыйлы­ғын беріп Жо­лымбетті босатқа­нымен, одан әрі ала­көздік жақ­сылыққа бастамайтынын ұққан Жолымбет туыс-туғандары, жек­жат, жұрағаттарымен Хорезм ай­ма­ғына көшіп кетеді. Бір әйелдің қырсығынан біраз батыр хан төңі­ре­гінен сытылып шықса, Жиембет те хан жарлы­ғымен Ителіне айдалады. Ханға қарсы сөз айтуға, оның абыройына дақ келтіруге болмайтын би­лердің дайындаған заңына Жиембет­тің мойынсұнбайтын амалы жоқ. Аңыздар мен жазбаларда әскербасы, даңқты батыр, жыршы, сазгер Жиембет Ите­лін­де жүріп үйленіп, одан туған ұрпақ Ител Баймұрат болып тарап кеткен. Сөз соңында айтарымыз, Атыраудағы Индер ауданын Жиембет есімімен атандыру жайлы респуб­ли­ка­лық газеттер көтеріп жүрген мәсе­леге біз де қосыламыз. Қазақтың ірі ғалымдарының бірі Х.Сүйін­шә­лиев: «Жиембеттің негізгі меке­ні Байбарақ, Байшөрек деген жерлер. Қыстағы Жа­йық жаға­сындағы Есім төбесі. Жазда Жиембет ауылы Жем-Сағыз бойын жайлайтын болған», дегеніне сүйен­сек Индер ауданы халқы­ның сұранысы өте орынды. Бұл орындалса, ата-баба алдындағы борышымыз өтеліп, жоғы­мыз түгенделгендей болар еді.
Табыл ҚҰЛЫЯС, 
жазушы, Қазақстанның мәдениет қайраткері.