10 Сәуір, 2012

Сегізінші жолдама

266 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Сегізінші жолдама

Сейсенбі, 10 сәуір 2012 7:09

Астанада Азия аймағы бойынша Олимпиадаға жолдама  бе­ре­тін халықаралық турнир жалғасуда.

Біздің құрамада турнирдің төр­тінші күні 64 кило салмақтағы Данияр Елеусінов Олимпиада лицензиясына ие болды. Былтыр Бакуде өткен әлем чемпионатында бірінші кезде­суін ұтып, екіншісінде жеңіліс тап­қан Данияр сол жолы кеткен есесін өз елінде, өз жерінде қай­тар­ды. Негізі, Елеусінов­тің сол кездің өзінде жолдаманы алатындай жөні бар еді. Алайда, боксшының Бакуге келмей жатып сырқаттануы, дене қызуының көте­рі­ліп, 38 гра­дус­қа дейін баруы оған жарысты жал­ғастыруға еш мүм­кін­дік бермеді. Ен­ді, міне, Данияр Бакуден кейін қыс бойы жаттыққан соң тур­нир­дегі соңғы мүмкіндігін жі­бер­меді.

Осы турнирде Елеусінов екінші айқа­сын­да лицензияға ие болды. Ал­ғашқы кездесуінде ол иор­дания­лық Ибра­һим Салехты 27:4 есебімен жең­се, екіншісінде оңтүс­тіккорея­лық Сонг Ким Чомен қол­ғап түйістіріп, оны да айқын басым­дықпен ұтты. Есеп – 16:7. Десе де бұл ширек фи­налдық айқас біздің боксшыға оңай болған жоқ. Корей боксшысымен Данияр бұған дейін еш жерде кездеспеген екен. Сон­дықтан болар, оған ал­ғашқы екі раундта қарсыласын әбден зерттеп, қыр-сырын сүзгіден өткізуге тура келген. «Қарсыласым мықты боксшы болды. Күші мен тактикасы мықты екен. Егер екеу­міз ширек финалда кездеспегенде, ол да лицензия алатын еді», – дейді Д.Елеусінов.

Енді Елеусінов жартылай финалда бұған дейін Қостанайда өткен жастар арасындағы турнирде кездескен өзбек боксшысымен қолғап түйістіреді. Өз­бек боксшысы да осалдардың қа­та­ры­нан емес. Біраз халықаралық жа­рыс­тар мен турнирлерге қатысып, тәжі­ри­бе жинақ­та­ған боксшы. Сон­дық­тан Елеу­­сінов­ке турнирге жай жол­да­ма алу үшін ғана емес, же­ңім­паз атан­у үшін келгенін әлі дәлел­деу керек. Ал дәлелдейтін жер дәл осы жер.

Жалпы, оның салмағында Лондон Олимпиадасына жолдама алған тағы бірнеше мықты боксшы бар. Соның ішінде Елеусіновпен бірге Олимпиа­даға Мехди Толоутибанди (Иран), Сердар Худойбердиев (Түр­кіменстан), Ухтамжон Рахмонов (Өз­бекстан) лицензияны жеңіп алды. Олар қарсы­ластарының бәрін бет қаратпай ұтты.

Осы күні 75 кило салмақтағы үнді Вижендер, тәжік Содиржон Назаров, түркімен Нурсаат Паззиев пен өзбек Аббос Атоев біздің Данабек Сужанов сияқты Лондон жолдамасын иеленді.

Демалыс күндері болған тағы бір айқастарда Ілияс Сүлейменов пен Василий Левит шаршы алаңға шық­ты. Екеуі де жекпе-жектерінде ба­сым­дық танытты. Әйтсе де Левитке қарағанда Сүлейменовке қарсыла­сының оңай шағылатын жаңғақ бол­мағанын айта кеткен жөн. Сү­лей­ме­нов қырғыз боксшысы Азат Үсенә­лиевті әрең ұтты. Бұл екеуі осыған дейін бір рет кездескен болатын. Был­тыр Оңтүстік Кореяда өт­кен Азия чемпионатында Қырғыз­стан өкілі біздің боксшыдан айласын асырып кеткен-тін. «Сол кезде кеткен есені қайтарғаныма қуаныш­тымын. Жекпе-жекте мен реваншты ғана ойладым. Ал жалпы, Азат – жақ­сы бокс­шы. Оның да лицензия алатын жөні бар еді», – дейді Сүлей­менов. Левит болса, тәжік Дилаваршо Абдурахмановпен кездесіп, оны таза ұт­ты. Бұл салмақта жалқы лицензия тур­нир­дің жеңімпазына ғана беріле­тіні белгілі. Сондықтан оған алдағы кездесуде аянбау керек.

Кеше түс ауа 49 кило салмақтағы Біржан Жақып олимпиялық іріктеу сынының жартылай финалына шық­ты. Ол пәкстандық Мохаммед Нисардан басым түсті. Есеп – 25:5.

Біржан енді жартылай финалда өзбек Шохободдин Зойровпен қол­ғап түйістіреді.

Кешкісін Ілияс Сүлейменов те шаршы алаңға көтерілді. Ол қытай­лық Жанг Янгпен кездесті. Бұл кездесуде Ілияс қарсыласын 19:12 есе­бі­мен жеңіп, жол­­да­маға ие болады.

Дастан КЕНЖАЛИН.