Санға емес, сапаға жүгінеміз
Сәрсенбі, 23 мамыр 2012 6:55
Гватемаланың Антигуа қаласында ауыратлетикадан 20 жасқа дейінгі жасөспірімдерарасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Осыжарыста небәрі төрт салмақ дәрежесібойынша күш сынасқан Қазақстан құрамасы екіалтын, екі қола жүлде алып, командалықесепте үшінші орынды иеленді.
Сәрсенбі, 23 мамыр 2012 6:55
Гватемаланың Антигуа қаласында ауыратлетикадан 20 жасқа дейінгі жасөспірімдерарасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Осыжарыста небәрі төрт салмақ дәрежесібойынша күш сынасқан Қазақстан құрамасы екіалтын, екі қола жүлде алып, командалықесепте үшінші орынды иеленді.
Осы орайда Ауыр атлетика федерациясы басшыларының санға емес, сапаға жүгіргенін, әлем чемпионатына үлкен үмітпен төрт спортшымызды қатыстырса, зілтеміршілер өз кезегінде ел сенімін ақтай білгенін айтуға тиістіміз. Атап айтар болсақ, бұған дейін хабарланғанындай, қыздар арасында 69 кило салмақ дәрежесі бойынша күш сынасқан Жазира Жаппарқұл әлем чемпионы атанды. Сөйтіп, бұл қызымыздың есімі қазақ арасынан шыққан тұңғыш әлем чемпионы ретінде спорт шежіресіне жазылды. Жалпы, Жазира бұған дейін де жанкүйерлерін қуантып, осыдан екі жыл бұрын Сингапурде өткен жасөпірімдер Олимпиадасында да алтыннан алқа таққан болатын.
63 кг. салмақта Карина Горичева қола медальге ие болды. Жұлқып көтеру жаттығуы бойынша ол тек Диана Ахметовадан қалып қойды. Серпе көтерудің нәтижесінде Ресей спортшысымен қоса, қытайлық Динлинг Лонгты алға жіберді. Былтыр бұл қызымыз әлем чемпионатында күміс медальді иеленген болатын.
Ерлер бәсекесінде отандастарымыздың арасынан алғашқы болып 94 кг. салмақтағы Жасұлан Қыдырбаев күш сынасты. Азия чемпионы деген атағы бар жігітіміз 363 (165+198) килолық зілтемірді бағындырып, қола медальді иеленді. Ол былтыр ерлер арасында өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған Сайд Мұхамедпур Қарқараш пен ресейлік Егор Климовқа есе жіберді. Негізі бұл салмақ дәрежесін Қазақстан ауыр атлетикасына құт әкелетінін жанкүйерлер жақсы біледі. Мәселен, Илья Ильин Бейжің Олимпиадасында топ жарып, үш рет әлем чемпионы атанды. Владимир Седов болса, 2009 жылғы әлем чемпионатында ешкімге дес бермеді. Алмас Өтешев Азия чемпионатында екі рет жүлдегерлер қатарынан көрінді. Қазір осы үшеуінің арасындағы бәсекелестік күні бүгінге дейін жалғасуда. Қазақстан ұлттық құрама командасы бапкерлерінің өздері осы үшеуінің арасынан кімді Лондонға апарамыз деп бас қатыруда екен. Енді, міне алдағы кезде олардың қатарына Жасұлан Қыдырбаевтың қосылатыны сөзсіз.
105 кг. салмақтағы зілтеміршілер арасында Ибрагим Берсанов әлем чемпионы атанды. Былтырғы әлемдік додада жеңіс тұғырына сәл ғана жете алмай қалған ол бұл жолы шеберліктің шынайы үлгісін көрсетті. Қоссайыстың қорытындысы бойынша 391 (180+ 211) кило салмақты бағындырған Ибрагиммен ешкім теңесе алған жоқ. Оған тіптен, күміс пен қола медальді иеленген латвиялық Артурс Плесниекс пен ирандық Саид Саярдың өзі жерлесімізге жарытып қарсылық көрсете алмады.
Қорыта айтқанда, командалық есепте 2 алтын мен 2 қоланы еншілеген Қазақстан құрамасы үшінші орынды иеленді. Көш басындағы Қытайдың қоржынында 6 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль болса, Ресей 4 алтын, 3 күміс және 1 қоланы иеленіп, екінші орынға шықты. Дегенмен, біздің басты қарсыластарымыздың әлем чемпионатына толық құраммен келгенін, ал біздің команда сапында небәрі төрт спортшымен қатысқанын айта кету керек. Осының өзінде қыз-жігіттеріміз әлемнің алпауыт елдеріне лайықты қарсылық көрсете білді.
Ал зілтеміршілердің өздері барынша қолдау көрсетіп отырған Спорт және дене тәрбиесі істері жөніндегі агенттігі мен бас демеуші – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына ризашылықтарын білдіретіндерін айтуда.
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан».