13 Маусым, 2012

Жарыстың көрігі енді қызады

331 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Жарыстың көрігі енді қызады

Сәрсенбі, 13 маусым 2012 7:17

Польша мен Украинада өтіп жатқан Еуропа чемпионатының алғашқы айналымы дүйсенбі күні аяқталды.

Осы күні 1 турдың соңғы ойындары Киев пен Донецк қа­ла­ларында D тобындағы Франция мен Англия, Украина мен Швеция құрамаларының арасында өтті. Бұл ойындарда алаң иелері шведтерді 2:1 есебімен жеңсе, алғашқы ойын 1:1 есебімен тең аяқталды.


Сәрсенбі, 13 маусым 2012 7:17

Польша мен Украинада өтіп жатқан Еуропа чемпионатының алғашқы айналымы дүйсенбі күні аяқталды.

Осы күні 1 турдың соңғы ойындары Киев пен Донецк қа­ла­ларында D тобындағы Франция мен Англия, Украина мен Швеция құрамаларының арасында өтті. Бұл ойындарда алаң иелері шведтерді 2:1 есебімен жеңсе, алғашқы ойын 1:1 есебімен тең аяқталды.

Жалпы, осы құрамаларды бұ­рыннан бір-бірімен ежелгі қар­сылас болып алған командалар дей алмаймыз. Франция мен Англия осыған дейін 30 рет кездессе, Еуро турнирі сияқты жауапты сындарда көп кездесе қой­маған. Сол сияқты Украина мен Швеция құрамалары да осы кезге дейін 3 рет қана кездесу өткізсе, соның біреуінде Украина, екіншісінде шведтер жеңсе, үшінші кездесуде қарсыластар тең есеппен тарқасқан екен. Солай десек те осы елдің құра­ма­лары Еуро-2012 турниріндегі алғашқы кездесулерінде бір-бі­рін бұрыннан білетін командалар сияқты ойнады. Мұны әуелі, командалардың қарсыластарын жақсы зерттеп, Еуро турнирі сияқты жауапты сындарға тың­ғылықты дайындықпен келген­де­рімен байланыстыруға болады.

Франция-Англия құрама­ла­ры­ның кездесуінде Франция жа­ғынан Франк Рибери, Самир Насри, Карим Бензема, ағыл­шын­дардан Джон Терри, Стивен Джерард жақсы ойын өрнегін көрсетті. Франция құрамасын ауыз екі тілмен «үш жолақ­ты­лар» деп атайды. Осы «үш жо­лақтылар» бір рет 1998 жылы әлем чемпионы болса, 1984 және 2000 жылдары екі рет Еуропа чемпионы атағын жеңіп ал­ған команда. Кезінде Жюст Фонтен, Раймон Копа, Мишель Платини, Зинеддин Зидан, Тьерри Анри, Дидье Дешамп сынды жасыл алаңда жасындай жарқыл­да­ған аяқдоп шеберлерінің жолын қазір Еуро турнирінде Франк Рибери, Карим Бензема, Самир Насрилер жалғастыруда. Бір қызығы, осы үшеуі 2000 жылы Еуропа чемпионы болған Зинеддин Зидан, Николя Анелька сияқты Ислам дінін қабылдаған ойыншылар. Франция құрамасы осы үш «ноянның» көмегімен биылғы чемпионатта жүлделі ор­ындар үшін таласуға бар кү­шін салуда. Ал Англия құрама­сы биылғы бәсекеге Премьер-лигада ойнайтын біраз ойыншыларын әкеле алмады. Мысалы, Франк Лэмпард жарақатына бай­ланысты келе алмаса, «Чел­сидің» тағы бір ойыншысы Гарри Кэйхилл, «Манчестер юнай­­тедтің» қорғаушысы Рио Фердинанд, Джек Уилшер жарысқа қатыспайтын болды. Солай десек те, олар да келесі айналымға шығып, кезінде Англияның атын әлемге шығарған Чарльтон, Мур, Шилтон, Линекер, Уоддл сияқты ойыншылардың жолын қайталауға үміттеніп отыр.

D тобындағы Украина мен Швеция құрамалары да келесі кезеңге өтуден үмітті. Златан Ибрагимовичтің соққан добынан кейін 1:0 есебімен жеңіліп жат­қан украиналықтардың қар­сы­лас­тар қақпасына екі бірдей доп соғатынын ешкім ойламаған еді. Бұл Украинаның спорт ше­жіре­сін­де өз алаңында намысқа тыры­сып, ең жақсы ойын көр­сет­кен, мінез көрсеткен ойыны болды.

Кеше кешке А тобындағы ке­зекті ойындар өтті. Әуелі Грекия мен Чехия құрамалары кездессе, одан кейін Варшаваның Ұлттық стадионының алаңына Польша мен Ресей командалары шықты. Алғашқы ойында 2:1 есебі­мен  чехтар қарсыластарын жеңді. Ал поляктар мен ре­сейліктер ара­сындағы кездесу Астана уа­қы­ты­мен кеш біт­кен­діктен, оның нә­ти­жесін келесі жолы хабарлауды жөн көріп отырмыз.

Бұл кездесулердің тартысты өтетіні қазірден белгілі болып отыр. Ресей А тобында 3 ұпай­мен бірінші орында тұрса, Поль­шаның алаң иелері ретінде қа­лай болса да осы ойында жеңіс­ке жетіп, келесі айналымға шы­ғуға амал-әрекет жасайтыны сөз­­сіз. Оның үстіне Еуро тур­нирі басталмай жатып, «Орыстар, алға!» деп ұрандатқан бір топ ресейліктердің Польша ұшақ­тарының стюардтарын теп­кіге алғаны бар. Осы сорақы қылық интернетте жарияланып, бүкіл әлемге тарап кетті.

Дастан КЕНЖАЛИН,

«Егемен Қазақстан».