Күркіреп өткен үш күн
Сейсенбі, 19 маусым 2012 7:36
Еуропа чемпионатында жұмадан бері өткен үш күн шынында да күркірепөткендей әсер қалдырды. Бұл аралықта топтардағы екінші турдыңойындары толық аяқталып, соңғы белестің соқпағы басталды. Оларширек финалға шыққан төрт жүйрікті айғақтап, жарты жолда қалған тағытөрт жабыны жаһанға жария етті.
Сейсенбі, 19 маусым 2012 7:36
Еуропа чемпионатында жұмадан бері өткен үш күн шынында да күркірепөткендей әсер қалдырды. Бұл аралықта топтардағы екінші турдыңойындары толық аяқталып, соңғы белестің соқпағы басталды. Оларширек финалға шыққан төрт жүйрікті айғақтап, жарты жолда қалған тағытөрт жабыны жаһанға жария етті.
Украина-Франция – 0:2.Бізде: «Қазақ ырым етеді, ырымы қырын кетеді», деген нақыл бар. Сөйтсек, ырымға қадалып қалған жұрт жалғыз біз емес екенбіз, тап осы матч чемпионаттың кестесіне түсер алдында біраз функционерлері оның кеншілер қаласында өтуіне үзілді-кесілді қарсы болыпты. Себебі, елдің құрамасы бұған дейін шахтерлер шаһарында бірде-бір рет өздерін қуантатындай табысқа жетпеген екен. Бірақ тоқпағы мықты болды ма, киіз қазықтың қауқарындай ғана осы ұсыныс ақыры өтіп кетіпті. Қалай дегенде де, Украина құрамасының осы қалада Франция командасымен өткізген кездесуі мұның алдындағы бірінші ойыннан көш кейін болды. Ойында француздардың күшті екені барған сайын айқын біліне берді. Ақырында осы басымдық екінші таймның бас жағында бірден екі голға айналып, мәселені түбегейлі шешіп кетті.
Швеция-Англия – 2:3. Алдыңғыға қарағанда, бұл матчта біраз текетірес пен тартыс орын алды. Ағылшындар ойынның фавориті саналғанымен, оларға Златан Ибрагимович бастаған тарландарды ауыздықтау оңай болған жоқ. Ақыры кездесу нәтижелі шықты. Оның қорытындысы Рой Ходжонс жігіттерін мерейлі ете түсті.
Осы екі матчпен топтардағы екінші турдың ойындары тәмам болды. Ал сенбі күні командалар шешуші үшінші турдың ойындарын бастады. Ол әдеттегідей А тобының жасақтарынан өрбіді. Міне, осы күннен бастап бір топта бір күнде ойнайтын құрамалар алаңдарға да бір мезгілде шығу тәртібіне көшті. Чемпионаттағы басты сенсациялар да осы ойындарда көрініс тапты.
Чехия-Польша – 1:0. Басқа басқа, тап осы чехтарды топтан бауыр жазып шығады деп, оның үстіне бірінші болып бетегеге беттейді деп ешкім ойламаған шығар. «Алтын Прага» аумағы жігіттерін, әсіресе, бірінші ойында орыстардан 1:4 болып ұтылып қалғанынан кейін анық аутсайдерге санаушылар көп еді. Ал чехтар айды аспанға бір-ақ шығарды. Олардың екінші матчта өздерінен де төмен гректерді әупірімдеп жүріп ұтып кеткенін былайға жұрт оншалықты шалқыған көңілмен қабылдай қойған жоқ. Себебі, үшінші ойында поляктардың алдында «тағалаған жорғадай» бола қалатынына көпшілік сенімді еді. Шамасы, поляктардың өздері де осыған қатты сеніп кетсе керек, олар нағыз кескілескен күреске оншалықты дайын болмай шықты. Нәтижесінде чехтар дегендеріне жетті.
Грекия-Ресей – 1:0. Айтатыны жоқ, ресейліктердің осы жолғы құрамасы шынында күшті еді. Оны жанкүйер қауым бірінші ойында да байқады. Екінші матчта поляктарға ерік беріп қойғаны болмаса, жалпы салмақтылық пен ойлылық орыстар жағында жатты. Бірақ осы жолғы самарқаулық бапкерлер штабын ойландыруы керек еді. Ойландырмады. Ол былай тұрсын, Дик Адвокат команданы үшінші матч қатарынан бірдей старттық құраммен алаңға шығарды. Соңғы ойында тек науқастанып қалған Константин Зырянов қана алмастырылды. Қалған өзгеріс ныспыдай. Сондықтан ұстаз бірінші ойында 7, екінші кездесуде 5 рет қақпаға қарай соққы жасап, соның бірде-бірін шеңбердің аумағына қарай туралап жібере алмаған Александр Кержаков секілді шабуылшыны алғашқы лекпен ойнатуын да қоймады. Бұл оның құрамға жаңа леп беретін кездерді жіберіп алғанын көрсетті. Оның үстіне, бірінші кездесудегі ірі жеңіс команда жігіттерін біраз адастырып кеткен сияқты. Осыдан кейін өздерін «нағыз чемпион» сезіне бастаған футболшылар ақырғы айқасқа тастүйін болып шыға алмады.
Осы чемпионаттың алдында Дик Адвокаттың айтқан бір сөзі бар еді. «Мен команданың дайындығының шыңын бірінші ойынға туралаймын», деген. Ол осы айтқанында тұрды. Бірақ содан кейін төмен қарай күрт құлдырау басталып кеткен тәрізденді.
Португалия-Голландия – 2:1. Чемпионаттағы ең үлкен сенсация, әлбетте, «алқызыл қызғалдақтар елі» командасының топтан шыға алмай қалғаны болса керек. Бұған қоса, оның үш ойында да түгел ұтылғанын бұған дейінгі статистика білмейді. Ал мына ойында португалдардың бір көш ілгері болғанын жұрттың бәрі көрді. Голландтықтардың басымдығы әдепкі голды соғып, есепті ашқанға дейін ғана созылды. Содан кейін «Криштиану Роналду және К» жасындай жарқылдай бастады. Алаңның кез келген бұрышынан қақпаны атқылай жүріп, команда капитанының өзі екі голдың авторы атанып үлгерді. Тағы екі добын қақпаның бағаны «жұтты». Дегенмен, осы есептің өзі оларды барынша қанағаттандырды.
Дания-Германия – 1:2. Бұл «неміс мәшинесі» өзінің осы чемпионаттағы басты үміткерлердің бірі екенін дәлелдеген кезекті матч болды. Кездесудің басында біраз шапқылап баққан даттар ойынның екінші жартысынан бастап, күшті есеппен ұтылып қалмау жағын ғана күйттегендей қимыл жасады. Матч соңында Дания құрамасының бас жаттықтырушысы Мортен Ольсен айтқан: «Біз өзіміздің кімнен жеңілгенімізді білеміз. Сондықтан аса қатты қайғырмаймыз», деген сөзі олардың ойын үшін білдірген нақты түйіні сияқты.
Бұл кездесулер алдағы ширек финалда Германия-Грекия, Португалия-Чехия командалары кездесетіндігін айқындап берді.
Кеше түнде С тобында Италия-Ирландия, Хорватия-Испания құрамалары кездесті. Ал бүгін кешке топтық ойындар аяқталады. Одан әрі ширек финалдың ойындары басталады.
Ойлар, пікірлер, көзқарастар
Анатолий БЫШОВЕЦ,
КСРО құрамасын 1988 жылғы Олимпиадада жеңіске жеткізген жаттықтырушы:
– Бізде табысты өнер көрсетуге барлық жағдайлар болды. Ресей футболшылары плей-оффқа шығуға тиісті-ақ еді. Бірақ мақсат орындалмады. Мен қатты қапалымын. Енді құрамаға үлкен реформа жасау керек. Оның тізгінін міндетті түрде отандық жаттықтырушы алуы тиіс. Өйткені, ол ішкі жағдайымызды, барлық мүмкіндігімізді жақсы біледі. Мына жаттықтырушылар құрамы команданы жаман дайындаған жоқ. Чемпионатқа әдемі апарды. Алайда, болмайтын жерлерден қателіктер жіберді. Мысалы, мен Кержаковты старттық құрамда алаңға шығаруға болмайтынын талай айтқанмын. Сол айтқандарым айдай келді. Ол ондай айқасқа бейімделмеген. Оны тек ойыншыларды алмастыруға ғана пайдалануға болатын еді.
Дарио СРНА,
Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы:
– Біз – кішкентай ғана елдің өкіліміз. Бірақ біздің ерік-жігеріміз күшті. Кішкентай екенбіз деп бұғып қала алмаймыз. Біздің қатарымызда 23 арыстан бар. Олар – Хорватияның қазіргі таңдағы ең күшті ойыншылары. Міне, осы күшті ойыншылар қолдарынан келгенінше кішкентай елдерін үлкен қуанышқа бөлеуге ұмтылады.
Олег БЛОХИН,
Украина құрамасының бас жаттықтырушысы:
– Ағылшындар командасына Уэйн Рунидің оралуы жағдайды ешқандай да өзгерте алмайды. Біз бұрынғы ойынымыздан танбаймыз. Рой Ходжонстың командасы чемпионатта екі ойынға қатысып, екеуін екі түрлі етіп өткізді. Біз бұдан да сабақ аламыз. Бәрін түгел талдап шығуымыз керек. Ал соңғы ойынға тек жеңіс үшін шығамыз. Оған қол жеткізу үшін барымызды саламыз. Мен мұндайда жігіттерімнің жігерсіз ойнауына титтей де жол бермеймін.
Матч миниатюралары
* Өткен жұмадан бері (15-17 маусым) чемпионатта 6 ойын ойналды. Оларда 15 гол соғылды.
* Бұл 6 матчты стадиондарда 280 169 көрермен көрді.
Ал чемпионат басталғалы спорт ареналарына 879 284 адам жиналды.
* Чемпионат басынан бері ойналған 20 ойында 54 гол соғылды. Орташа есеппен әр ойында қақпаға 2,7 доптан салынды.
* Өткен 6 ойында 1 дубль тіркелді. Оны Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жасады. Әзірге мергендер көшінде өзгеріс жоқ. Олардың алды 3 голмен келеді.
* Есепті кезеңде чемпионаттың бірінші автоголы да соғылды. Оны ағылшын Глен Джонсон шведтермен ойында өз қақпасына түсіріп алды.
* Өткен 6 ойында ойыншыларға 26 ескерту жасалды. Тек Голландия-Германия матчында ғана ешкім тәртіптік жаза алған жоқ. Бұл – чемпионат басталғалы орын алып отырған екінші дерек. Жалпы, біріншілік басталғалы 76 футболшыға «сары қағаз» көрсетілді.
* Үздік ойыншы атағына Йоан Кабай (Франция), Тео Уолкетт (Англия), Вацлав Пиларж (Чехия), Гиоргос Карагунис (Грекия), Криштиану Роналду (Португалия), Ларс Бендер (Англия) ие болды. Бұл жолы Вацлав Пиларж мұндай атаққа екінші рет қол жеткізді.
Айтпақшы…
Адвокат пен Фурсенко құрамадан екі бөлек кетті. Ресей Футболфедерациясының басшысы мен құрама жетекшісі команда масқара болыпжеңіліс тапқаннан кейін елдеріне футболшылардан бөлек қайтты. МұндаФурсенко Мәскеуге оралса, Адвокат Голландияға аттанды. Оныңкелісім-шарты осы біріншілікпен бірге бітуге тиіс болатын. Алойыншылар жексенбі күні Мәскеуге ұшып келді. Оларды, әлбетте,әуежайда ешкім қарсы алған жоқ.
Томаш Росицки ойынды жалғастыра алмайтын болды. Чехия құрамасының жартылай қорғаушысы команда қарауынан кетті, деп хабарлады АР ақпарат агенттігі. Ол гректермен ойында сіңірін созып алған екен. Сондықтан поляктарға қарсы ойынға қатыса алмады.
Андрей Шевченконың Англиямен ойынға қатысу-қатыспауы 50 пайыздық шамада. Бұл туралы Украина құрамасының дәрігері Леонид Миронов мәлімдеді. Оның айтуына қарағанда, жексенбі күні форвардтың жағдайы біршама тәуір бола бастаған. «Менің ойымша, Андрейдің өзі ойынға қатысуға аса қатты құштар болып отыр, – деді дәрігер. – Себебі, ол – нағыз кәсіби маман. Осындай сәтте аяғының ауырғанына қарамастан, командасына жәрдем бергенді ол өзінің борышы санайды».