20 Маусым, 2012

Ұлттық құраманың ұстаздары

282 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ұлттық құраманың ұстаздары

Сәрсенбі, 20 маусым 2012 7:43

Күн санап дүбірі таяудан естіліпжалауыкөтерілетін шағы жақындап келе жатқан ЛондонОлимпиадасына әзірге 100-ден астамқазақстандық спортшының аттанатыны аянболып отырБұл мөлшерәлбеттеәр спортбойынша әр қилыЕліміздің олимпиадашыларықатарын көбейтуде бүгінгі таңда жеңіл атлетика,су добыбоксауыр атлетикаеркін күрес,грек-рим күресідзюдо сынды спорт түрлерініңалатын орны айрықшаБұған сол спортфедерациялары басшылары мен құрамакомандалары бас жаттықтырушыларының қосыпотырған үлестері мол.

 

 

Сәрсенбі, 20 маусым 2012 7:43

 

Күн санап дүбірі таяудан естіліпжалауыкөтерілетін шағы жақындап келе жатқан ЛондонОлимпиадасына әзірге 100-ден астамқазақстандық спортшының аттанатыны аянболып отырБұл мөлшерәлбеттеәр спортбойынша әр қилыЕліміздің олимпиадашыларықатарын көбейтуде бүгінгі таңда жеңіл атлетика,су добыбоксауыр атлетикаеркін күрес,грек-рим күресідзюдо сынды спорт түрлерініңалатын орны айрықшаБұған сол спортфедерациялары басшылары мен құрамакомандалары бас жаттықтырушыларының қосыпотырған үлестері мол.

Сондықтан біз бүгіннен бастап жоғарыда аталған спорт түрлері бойыншаұлттық құрамалар жетекшілері жайлы оқырманға аз-кем сыр шерткендіжөн көрдік.

Сонымен…

 

         Ауыр атлетика: Алексей Ни

Алексей Геннадьевич Ни 1961 жылы Жамбыл (қазіргі – Тараз) қаласында туған. Ауыр атлетикадан КСРО спорт шебері. Қазақстан Рес­пуб­ликасының еңбек сіңірген жат­тықтырушысы. Оның әуелгі алған мамандығы – инженер-гидротехник. Жамбыл гидро­мелиора­тивтік-құрылыс институтын бітірген. Осы мамандығы Одақ ыдыраған бастапқы кезде Алек­сейдің күнкөрісіне біраз жәрдемдесті. Ол өзінің бауырымен бірге 2005 жылға дейін қазіргі заманғы коттедждер салумен айналысты.

Алексей Ни осы аралықта Алматы де­не тәрбиесі  институтын да сырттай оқып бітіріп алды. Ауыр атлет ретінде ол өзін бірінші рет Қазақстан спартакиадасында танытты. Осында жүлделі үшінші орын алған Алексей, бірақ, бұдан жоғарыға секіре алмайтынын тез түсінді. Сосын жаттықтырушылық жұмысқа бейімделе берді. Ал бапкер ретінде жедел көтерілді. Ол 1994 жылы республиканың ауыр атлетика бойынша мемлекеттік жаттықты­рушысы болып тағайындалды. Кейін еліміз құрамасының бас жат­тықтырушысы қызметіне бекітілді.

Алексей Нидің тұсында Қазақстан бас командасында Илья Ильин, Владимир Седов, Майя Манеза, Зульфия Чиншанло, Светлана Подобедова сынды саңлақтардың есімдері әлемге танылды. Жақында Тал­дықорғанда өткен еліміздің чемпионатында бұ­рын жұртқа есімдері белгісіз болып келген тағы екі атлет қатарға қосылды. Бас жаттықтырушы Лондонда олардың да жарқырап көрінетініне үміт артып отыр. «Лондон Олимпиадасы» демекші, Тұманды Альбиондағы басты аламан жарысқа Қазақстаннан 8 ауыр атлеттің баратыны биылғы жылдың басында белгілі болған. Бұл мөлшер біздің еліміз үшін  2010, 2011 жылдарғы әлем біріншіліктерінің нәти­желері бойынша белгіленді. Ал сол 8 квотаны кім­дер­дің алатыны республиканың өз ішінде анықталуы тиіс болатын. Осыған арналған жарыс жоғарыда айтылған чемпионат түрінде өтті. Бұл көптен бері қазақ­стандық атлеттердің өзара нағыз жан алысып, жан беріскен бәсекесі болды. Ең соңғы сәттерге де­йін құрамаға нақтылы кімдердің алынатынын білген жоқ. Кез келген атлет өзінің Лондонда ел намысын қорғауға лайықты екенін сол біріншілікте дәлелдеуі тиіс болды. Аталмыш тартыс Бейжің Олимпиа­дасының чемпионы Илья Ильин үшін де оңайға түскен жоқ. Барлық салмақта да қатты бәсеке өріс­теді. Міне, мұның өзі де құраманың бас жат­тық­тырушысы Алексей Геннадьевичтің команданың өз ішінде нағыз спорттық бәсеке ахуалын қалып­тастыруынан орын алды. Ал мұндай тартыс бар жерде табыстың да болмағы аян.

Өткен 2011 жылдың қорытындысы бойынша Алексей Ни Қазақстанның құрама командалар ара­сындағы ең үздік бас жаттықтырушысы болып танылды. Әріптестері мен тәлімгерлері оның өзіне де, өзгеге да қатаң талап қойғыш екенін айтады. Сонымен, бірге жақсы психолог болып табылатын Алексей Геннадьевич жарыстар кезінде жағдайды оңай сезіне алатындығымен ерекшеленеді.

Руслан ИГІЛІК.